Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе


Ата-баба – түп-тұқиян. Зүрият, бәни



бет146/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   248
Байланысты:
антология- Тіл білімінің негізгі мәселелері (1)

Ата-баба – түп-тұқиян.
Зүрият, бәни – тұқым, ұрпақ, нәсіл.
Қара шаңырақ – ата-баба көтерген шаңырақты кейін кенже ұл иеленетін басты, үлкен үй.
Үрім-бүтақ – бір атадан өрбіген ұрпақ.
Әулет – бір атаға жататын зәузат.
Отау – енші алған ұлдардың шаңырағы.
Төркін – тұрмысқа шыққан қыздың ел-жұрты.
Қайын жұрт – әйелдің төркін жұртының күйеуіне қатысты атауы.
Үйлі-баран – балалы-шағалы отбасы.
Ағайын//Сарысүйек ағайын – туыстығы жақын адамдар.
Жамағайын, қабырға ағайын – жанама туыс, туыстығы алыс аталас адамдар
Туысқан – туыстығы екі-үш атадан қосылатын адамдар.
Туыс, бауыр – бірге туған қандас.
Үрен-жаран – ұрпақ.


ОН АТА
1. Әке
2. Бала
3. Немере
4. Шөбере
5. Шөпшек
6. Немене
7. Туажат
8. Жүрежат
9. Жекжат
10. Жұрағат
Қазақтың ұлттық дәстүрі бойынша, туыстық қан араластырмау мақсатында ағайынды адамдар жеті атасына дейін қыз беріп, қыз алыспайды. Өзара құдандаласу тек сегізінші ұрпақ – жүрежаттан басталуы мүмкін.
Тек ата – ру бөліміне аты берілген абыз ата.
Баба – арғы ата.
Ата – 1. бергі ата, әкенің әкесі.
2. ерлі-зайыптылардың қайын атасы.
Әже – әкенің шешесі.
Ата-ана – әке-шеше.
Әке, көке (аға) – әулет басы, балалы ер адамның атауы.
Өгей әке – шешенің екінші күйеуі, тумаған әке.
Ана – шешенің жалпы атауы.
Апа, шеше – туған ана.
Өгей шеше – әкенің екінші әйелі, тумаған шеше.
Әйел, жамағат – зайып, жар.
Қатын – 1. ерге шыққан қыз. Жалпы әйел атауы. 2. зайып, жар.
Бала, бел бала – ата-ананың перзенті, ұрпақ, тұқым.
Ұл (ат ұстар) – ер бала.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет