Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе



бет2/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   248
ТҮБІР МОРФЕМАЛАР ЭТИМОЛОГИЯСЫНЫҢ
КӨМЕСКІЛЕНУІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ РЕКОНСТРУКЦИЯСЫ

Етістік белгілі бір тілдің өзіндік ерекшеліктерін барынша айқын көрсететін аса маңызды грамматикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол іс-әрекет пен күйдің өзгерістерін көрсету арқылы лексикада ерекше орын алады. Ғылымда бұрыннан белгілі ең көне жазба ескерткіштердің бірі Енисей жазба ескерткіштерін зерттеу барысында И.А.Батмановтың жасаған пайымдауы бойынша, «етістік қазіргі кездегідей осыдан бір жарым мың жыл бұрын да негізгі сөз таптарының бірі ретінде тұрмыс-тіршіліктің сан алуан тұстарын сипаттау үшін және ежелгі түркілердің сан қырлы ұғым-түсініктерін көрсету үшін қызмет етті», және «ғасырлар бойына өзгеріске онша ұшырай қоймаған етістік морфологиясының жете дамыған жүйесі болды».17 Ал А.А.Юлдашевтың пікірінше, «етістік түбірінің семантикасын өзге сөз таптарының түбірлерінен ерекшелейтін айырмашылығы – салыстырмалы түрде етістік түбірінің табиғатындағы логикалық ұғымның мейлінше абстрактілі сипатында. Осының нәтижесінде етістік түбірінің семантикасы етістік түбірлерінің жаңа дыбыстық кешендерінің пайда болу процесінің тоқтағанына және есім түбірлерге қарағанда етістік түбірлерінің сан жағынан аздығына қарамастан, өзінің дамуға икемділігімен және орамдылығымен ерекшеленеді. Әлі де болса пайда болып жатқан іс-әрекеттер жөніндегі көптеген жаңа ұғымдар, әдеттегідей, түбірлердің осы қолданылып отырған құрамы арқылы белгіленеді».18


Етістік түбірінің дербес сөз ретінде сөз түрлендіру тұлғаларынан тыс қолданылмайтындығы да оның өзіндік ерекшелігі болып табылды, алайда етістік түбірлерді диахрондық зерттеу барысында керісінше жағдайды аңғаруға болады. Тек түбір мәндерімен шектес болып келетін императив тұлғада ғана басқаша, өйткені бұйрық райдың айрықша морфологиялық көрсеткіштері жоқ, таза етістік негізін ғана білдіреді. Осындай ерекшелік үндіеуропа тілдеріне де тән. Акад. В.В.Виноградов атап көрсеткендей, мұндай «морфологиялық құрылым бұйрық райды орыс етістігінің жалпы жүйесінен түгелдей бөліп шығарады».19 Осының негізінде басқа ғалымдар да бұйрық рай тұлғаларын одағайлармен және вокатив сөздермен жақындастыруға тырысады.20
Қазақ тілінің грамматикасында бұйрық рай тұлғасы императив мағына ретінде түсіндіріледі. Ол әртүрлі модаль мағыналарды білдіреді: бұйыру, өтіну, іс-қимылға тарту, кеңес беру, тілек, ерік және т.б.21 Осы жерде мынадай мәселе назар аударады. Біз талдау жасап отырған ИЕ етістік тұлғаларының императив мағыналары әрдайым қосымшасыз тұлғада беріледі ме, яғни императив тұлға үнемі түбір морфемаға сәйкес келеді ме? ИЕ-дің осындай ерекшелігі, яғни императив мағынаның қосымшасыз берілуі жөнінде Г.И.Рамстедт мынадай бір қызық ой айтады: «корей тіліндегі қосымшасыз бұйрық райдың өктем және дөрекі болғаны соншалықты, оларға бұйырудың анағұрлым бәсең, сыпайы тұлғаларына орнын беруге тура келді».22
Етістік түбірлердің қандай да бір суффикстермен берілмеген императив мағыналарын өзге түркітанушылар да теріске шығармайды. Мәселен, Б.М.Юнусалиев былай деп жазады: «Егер де қайтадан қалпына келтірілетін етістік түбірлердің лексикалық мағыналарын беруде белгілі бір дүдәмалдықтар кездесетін болса, онда олар бұйрық райдың жекеше түрінің екінші жағындағы грамматикалық мағынаны көрсететіндігінде ешқандай күмән болмаса керек. Себебі түркі-монғол тілдерінде етістік негізі түбір қосымшасыз әрқашан да осы аталған грамматикалық мағынаны білдіреді».23 Дегенмен қосымшасыз етістік негізі мен бұйрық райды теңестіргілері келмейтін ғалымдар да бар, олар бұйрық райдағы дауыс екпінін (интонацияны) оның ажырамас бөлігі, ең басты белгісі деп есептейді.24
Көптеген етістіктердің императив тұлғасы олардың түбірлік тұлғасының бірден-бір критерийі болып табылмайды, дегенмен Г.И.Рамстедт бұларда да бір кездерде қандай да бір қысқарту болғандығын теріске шығармайды.25 Тарихи-салыстырмалы әдіс негізінде морфемаларды жеке-жеке талдау арқылы көптеген ИЕ-дің құрамындағы өлі түбірлерді айқындау бірқатар «түбірлік» ИЕ-дің туынды екендігін және олардың түбірлерге үнемі сәйкес келе бермейтіндігін көрсетіп отыр. Моңғол тілдерін салыстыра зерттеген Г.Д.Санжеев көрсеткендей, «Мәселе мынада, тарихи тұрғыдан алғанда монғол етістігінің әртүрлі тұлғаларын бұйрық райдан пайда болған деп есептеу тіптен дұрыс емес, етістіктің алуан түрлі тұлғалары мен бұйрық рай категориясының даму проблемасы оның қазіргі морфологиялық құрылымының негізінде үнемі шешіле беруі де мүмкін емес».26
Осылай бола тұра, диахрондық тұрғыдан ИЕ-дің құрамынан аффикстерді бөліп алу олардың императив мағыналарына ешқандай қайшылық туғыза қоймайды. Императив тұлғаға жалғанған әртүрлі аффикстер «қосымша реңктер үстейді – табандылық, кесімділік, эмоциялық-ерік мағыналарын күшейтеді немесе, керісінше, бәсеңдетеді».27 Қазақ тілінде анықталған ИЕ-дің сөзжасамдық модельдері таза императив мағынамен қатар етістіктің мынадай мағыналарын да білдіреді: қарқындылық, жиілік, ұзақтық, үздіксіздік; қайталанушылық, ортақтық, өзаралық, іс-әрекеттің ортақтығы, кішірейту және ұқсату мағыналары және т.б.
Біздегі жинақталған материалдар бойынша анықталған 34 модельдің негізінде бұйрық райдың екібуынды тұлғалары қарастырылды. Олар қазақ тілінде үнемі ИЕ-ді жасауға қатысып отыратын толық қалыптасқан грамматикалық тәсілдерді көрсетеді.28 Мысалы, √=а=//=е=: ат> ата=, *ұз>ұза=, *без>безе= және т.б.;
√=ас=//=ес= *ад>адас=, * ег>егес=, егесу», *күр>күрес= және т.б.
Екінші тарауда ИЕ-дің осы 34 сөзжасамдық үлгісінің толық тізбесі беріліп, оларға жан-жақты модельдік талдау жасалады.
Жоғарыда келтіріліп отырған етістіктерге модельдік талдау жасау арқылы олардың тілдік табиғатын анықтай отырып, біріншіден, олардың ортақтығын, яғни императив мағынаның төңірегіне топтасқандығын, екіншіден, ИЕ-дің шртты түрде белгіленген 34 моделінің негізінде жасалған грамматикалық тұлғалардың ұдайы жүйелі түрде қолданылуын атап өтуге болады.
Грамматикалық дәрежесі еш күмән тудырмайтын императив категориясы ретінде тарихи қалыптасқан әр модельдің өзіндік ерекшеліктерін көрсете отырып, олардың ортақ қасиеттерін де атап өткен жөн. Атап айтқанда, олар төмендегідей болып келеді:

  1. Аталған модельдердің барлық екібуынды ИЕ-тері диахрондық тұрғыдан алғанда этимологиялық нақты дербес түбір мен грамматикалық тұлғадан тұрады.

  2. ИЕ-дің 35 моделін құрайтын әр грамматикалық тұлғаның дербестігіне және ерекшелігіне қарамастан, көп жағдайларда оларды императив мағына біріктіреді. Алайда тілдің даму процесінде бұл тұлғалар бастапқы императив мағынасын жоғалтуының нәтижесінде шартты «бастапқы» тұлғаларға бірігеді де, императивтің екіншілік тұлғасын жасайды. Мысалы: * ай>айт>айттыр=; *қай>қайт>қайтар=; *са>сан>сана= және т.б.

  3. Императив тұлғаның құрамынан бөліп алынатын түбірлер бір модельмен ғана шектелмейді, өйткені сөз деривациясының реконструкциясы жеке сөздің моделін емес, туындатушы модельдер жасауды талап етеді. Бұл жағдай осы аталған негіздердің гомогенділігін анықтауға мүмкіндік береді. Бірнеше туынды негіздердегі немесе этимологиялық түбірлердегі, әсіресе «өлі» элементтің туынды түбір ретінде қайталануы оның бұрынғы кездері дербес болғандығын көрсетеді.

Мысалы:

ге =


ме =
гем =
* жөр
гек =

ға =
ша =


* қор ық =
ы =



  1. ИЕ-дің сөз таптарына қатыстылығын төмендегі жағдайдан аңғаруға болады: жиналған материалға жасалған модельдік талдау бір модельдің бойынан есім негізді, етістік негізді, сонымен қатар синкретті ИЕ-ді табуға болатынын көрсетеді.

Мысалы, -ық-//-ік- моделі бойынша негізінен есім негізді императивтер жасалады: аш «қарны аш» < ашық= «ашығу», бір «бір» > бірік = «бірігу»; дем «дем алу, тыныс алу» < демік = демігу, ауыр тыныс алу; жау «жау, дұшпан» < жауық = «жауығу»; жел «жел» < желік = «желігу»; зар «зар илеу, жалбарыну» < зарық = «зарығу» және т.б. Сонымен қатар етістік негізді императивтер де кездеседі: көн = «көну», «келісу» < көнік «көнігу, көндігу», кір = «кіру» < кірік «кірігу»; тын = «тыну», «тынышталу» < тынық = «тынығу», «демалу». ИЕ-дің құрамындағы дербес тірі түбірлердің қандай да бір сөз табына қатыстылығын анықтау онша қиындық туғыза қоймайды, ал өлі түбірлердің қай сөз табына тән екендігін дәл басып айта қою оңай емес. Мысалы: *ай < айық =; *ас < асық; бұй < бұйық; *ел < елік; *ер < ерік; *жал < жалық; *жат < жатық; *құн < құнық; тұт < тұтық және т.б.
Біздің ойымызша, ИЕ-дің синкретизмі сол етістік түбірлердің синкреттілігімен немесе жалғанатын элементтердің қосарлы қызметімен түсіндіріледі. Бұл мәселені жіктей-жіліктей отырып зерделеу біздің міндетімізге жатпайды29, дегенмен осы зерттеу тақырыбымен тікелей байланысы бар аталмыш құбылыстың кейбір тұстарына назар аудармасқа болмайды.
Мысалы, кешік туынды етістігі жасалатын кеш «кеш (мезгіл)» тұлғасы есім ретінде қарастырылады. Бірақ әртүрлі түркі тілдерінің деректері көрсетіп отырғандай, оның екі мағынасы бар / ДТС. 290-291 бб./.
Әрине, кешік = ИЕ-нің түбірін тек есім негізді немесе етістік негізді деп анықтау дұрыс болмас еді. Біздің ойымызша, кеш = - синкретті түбір, ал оған жалғанатын грамматикалық көрсеткіштің бірнеше мағынасы бар.
Тағы бір мысал: тын – синкретті лексема, оның есім негізді мағынасы tin «тыныс алу, үрлеу» // tin = «дем алу, тынығу» сөзінде сақталып қалған / МК.Т..1. 339 б. Т.2. 40 б /. Бұл түбірге –ық аффиксі жалғануы арқылы тынық = «тынық, демал» өзгелік мағынасы күшейе түседі, оның омонимдес аффикс арқылы жасалған есім негізді тынық тұлғасымен енді синкретті байланысы болмайды.

  1. Көптеген ИЕ-дің құрамындағы өлі түбірлердің өзіндік ерекшеліктерінің бірі – олардың фонетикалық-морфологиялық варианттылығы болып табылады.

Қазақ тіліндегі императив етістіктердің құрамындағы көптеген өлі түбірлер қазіргі түркі тілдерінде алуан түрлі фонетикалық және морфологиялық варианттарымен берілген. Мысалы, Орхон-Енисей ескерткіштерінде «байлау», «байластыру» мағынасында қолданылған ба(ва=) өлі түбірінің негізінде /ДТС. 76 б./ түркі тілдерінде бай-//бау//бағ-//бан/= варианттары пайда болды.
Түркі тілдерінің ары қарай дамуында олардың әрқайсысында екіншілік туынды түбірлер пайда болды. Мысалы, *бай өлі түбірінен қазақ тілінде байла = етістігі, ал бау дербес түбірінен баула туынды түбірі жасалды. Қазіргі түркі тілдерінің арасында бай түбірінің ең көне варианты якут тілінде сақталған: баай – «байлау», «байластыру», «буу», «өру», «буып-түю», «шырмап байлау» / ЯРС, 72 б./.
Өлі түбірлердің варианттары қос сөздердің компоненттері ретінде жиі кездеседі. Ә.Т.Қайдаров ұйғыр тіліндегі қос сөздер туралы зерттеуінде қос сөздердің көптеген компоненттері белгілі бір түбірдің әртүрлі варианттары екендігін көрсетеді.30 Мысалы, жылап=сықта қос сөзіндегі екі компонент те *жы < жыла // *сық < сықта = бір гомогенді түбірден тарихи жағдайда пайда болған. Ескерткіштерде және қазіргі түркі тілдерінде «жылау» мағынасындағы түбірдің мынадай варианттары кездеседі: ағла=// ығла//йығла//сықта= және басқалар. Махмұт Қашғаридың сөздігінде мынандай түрінде кездестіреміз: Ol ani siqtatti//Ol ani jiglatti «Ол оны жылатты» /МК, Т.2, 232; 235-бб./. Көріп отырғанымыздай, мұндағы этимологиялық түбірдің мынадай варианттары бар: ағ=//ығ =// *йығ=//*сығ>*сық.
Түбір морфеманың варианттылық мәселесі, әсіресе тарихи – салыстырмалы зерттеулерге қатысты аса өзекті болып отыр. Мәселе мынада, шығу тегі әркелкі тілдердің материалдарынан аңғарғанымыздай, белгілі бір архетиптен дамымай, яғни әртүрлі бола тұра (шектеулі реконструкция шеңберінде), олардың арасында өзара анағұрлым мағыналық және тұлғалық жақындықтары бар. Мұндай түбірлерді Н.А.Сыромятников тектес түбірлер деп атауды ұсынған еді: жапон: kir=, kar=, kur=, kor= т.б.31

  1. ИЕ-ді жасайтын түбірлердің арасында кірме сөздер өте сирек ұшырасады: кем1= > кем «аз» (парсы), зор > зорай және т.б. Бұл біріншіден, кірме етістіктердің болмауымен, екіншіден, императив түбірлердің көнелігімен түсіндіріледі.

  2. Әр тілдегі ИЕ-дің түбірлері – бұл олардың көбіне көнеленуіне әкеп соғатын сол тілдің негізгі лексикасының ұзақ тарихи даму процесінің нәтижесі. Сондықтан мұндай түбірлер саны жағынан ғана емес, сол сияқты «өлі» түбірге айналу дәрежесіне де байланысты әр тілде әртүрлі көрініс беріп, түбір мен туынды тұлғалардың шегін анықтау күрделене түседі.

Диахрондық тұрғыдан жіктелетін ИЕ-ге жасалған морфемалық талдау арқылы анықталған аффикстік морфемалар олардың құрамында әртүрлі грамматикалық қызметтер атқаратындығын көрсетеді. Мысалы, салт етістікті сабақты етістікке айналдырады, етіс мағынасын білдіреді, тіпті, сөз құрылымының даму процесінде бұл мағыналар жойылып кетуі де мүмкін.
Н.И.Конрад және тағы да басқа ғалымдар салт-сабақты етістіктер мен каузатив категориясын өзара тығыз байланыста қарастырады: «... біреуді, яғни адамды ғана белгілі бір әрекет істеуге мәжбүрлеуге болады. Белгілі бір затқа немесе нәрсеге бірнәрсе істету мүмкін емес. Оны қандай да бір әрекетке мәжбүрлеу – оны жай ғана белсенді әрекетке итермелеу деген сөз. Бұл салт етістіктің сабақты етістікке айналғандығын көрсетпейді. Зат немесе нәрсе жөніндегі мәселедегі өзгелік етістің басты мәні, міне, осында болып отыр».32 Бұл түркі тілдеріндегі ИЕ-ге де тән болып келеді. Олар да салт-сабақты етістіктер категориясымен өзара байланыста етіс мағынасын білдіреді.
Біз талдау жасаған көптеген ИЕ-де етіс тұлғалары белгілі бір грамматикалық мағынаның жойылуының нәтижесінде сақталып қалған.33 Мысалы, Н.К.Дмитриев белгілі айт = ИЕ-гін былайша жіктеп көрсетеді: «Тарихи жағынан алғанда ол екі бөліктен тұрады: *ай түбірі және өзгелік етіс қосымшасы = т. Осылайша, бұл негіздің тұспалданып отырған мағынасы жай ғана «айту» (ай) емес, «айтуға мәжбүрлеу//бұйыру//мүмкіндік беру»» болу керек еді. Алайда, сирек те болса кездесіп тұратын өзге жағдайлардағы тәрізді, мұнда да өзгелік етіс мәнінің «жұрнағы» қалмаған, сол себепті айт құрамды негізі ол мағынада қабылданбайды. Осыған сәйкес «өзгеліктің» ұғымдық реңктерін мүлде жоғалтып, мағынасы да қарапайымданған.34
Бірқатар түркі тілдерінде *аj элементі өлі түбір болып табылады, өйткені ол дербес сөз түрінде тек якут тілінде (ый= «айту»; бұл жерде түркі тілдеріндегі ашық және қысаң дауыстылардың сәйкестік заңы бойынша ый=~ ай= арақатынасын көріп отырмыз), лобнор тілінде – (aj= «айту»35), сол сияқты әзірбайжан тілінің диалектілерінде36 және көне түркі жазба ескерткіштерінде ғана сақталған (ау= - «айту», «әңгімелеу», «қиындықтар кезінде, сотты болған жағдайларда сөз сөйлеу», яғни ресми сөз сөйлеу /ДТС. 25 б./). *Аj элементінің өлі түбірге айналуы, біріншіден, оның етіс формантымен кірігуімен байланысты болса, екіншіден бұл мағынада басқа етістіктің қолданылуы болса керек, салыстыр.: сөвлә=// сөзлә=//сөйле= .
Сонымен, біздің аса назар аударып отырғанымыз құрамындағы қосымшаның немесе жасалу тәсілінің этимологиясы анықталмайынша тану мүмкін емес көне етістіктердің жасалу типтері болып табылады. ИЕ-дің сөзжасамдық модельдеріндегі байырғы етістіктер түркі тілдерінің қазіргі даму кезеңінде морфологиялық жіктеуге келмейді.
Мысалы, *bul = < = бұл –Дір=, *bul Махмұт Қашғаридың сөздігінде – «бұлінген», «ескірген» /МК, Т.1, 335-б./.
*Бұл = этимологиялық түбірі қазақ тілінде дербес сөз ретінде тек батырлар жырларында, Бұқар жырау, Махамбет және т.б. шығармаларында ғана кездеседі. Сонымен қатар бұл түбір мынадай туынды негіздерде сақталған: бұл-дір=, бұлін=, бұлік= және т.б. Мысалы:
Хандар киген қамқа тон
Шүберек болар тозған соң,
Еңсесі биік кең сарай
Мортық болар бұлген соң37

*qop< қоп+ар=, Махмұт Қашғарида qop=етістігін «көтерілу», «шарықтау», «жоғары көтерілу», «орнынан қозғалу» деп қолданылған. Мысалы: er jogari qopdi «ер адам жоғары көтерілді» /МК.Т.2. 4 б./. Бұл тұлғаны ескі түркі ескерткіштерінде де кездестіруге болады: қоб/=қоп= «көтеру», «шарықтау», «орнынан тұру» /ФСЯ. Т1. 628 б./. Қазіргі қырғыз, ұйғыр және кейбір өзге тілдерде бұл түбір дербес сөз ретінде қолданылады.


Э.В.Севортянның айтуынша, «әзірбайжан тіліндегі етістер тарихи тұрғыдан алғанда сөзжасамдық категория да, ары қарай етістіктік тұлғажасам категориясына айналады. Етіс тұлғалары өзінің бастапқы қолданысында есім негізді етістіктердің сөзжасамдық қосымшаларымен кірігеді де, солар тәріздес есім негіздерден етістік жасайды»38. Басқа ғалымдар да етіс категориясын лексика-грамматикалық деп есептейді39. Талданып отырған ИЕ-дің құрамындағы аффикстік морфемалардың жоғарыда атап өтілген қызметтерін зерттеу бұл модельдердің императивтік мағынаны үнемі білдіре бермейтіндігін көрсетеді. Әсіресе, бұл императив тұлғадағы етістіктерді қазақ тілінен орыс тіліне аударғанда кей жағдайларда олар қиындықтар туғызады.
Кейбір түркі тілдеріндегі байырғы бірбуынды түбірлерді етістік тұлғалардың плеоназмдық үстемеленуі арқылы «ұзарту» олардың ары қарай дамуының нәтижесі болып табылады. Дәл осы етістік тұлғаларының нәтижесінде бұл түбірлердің мағынасы мейлінше нақтылыққа ие болады. Мысалы, егер Орхон ескерткіштерінде: it= «итеру», kot= «көтеру», uz= «ұзарту» тұлғалары қолданылған болса, онда қазіргі итер=, көтер=, ұз-ар= тұлғалары таза императивтік мағынаны білдірмейді, себебі оларда тілде етістіктер мен есімдер болып жіктелген кезеңге сәйкес келетін етістіктік сөзжасам мағынасы басым. Мысалы, безер= «безеру», «безеріп үндемеу», «бедірейіп қарау»; бозар= «бозару»; жасар= «жасару»; кезер= «кебу», «жарылу» (еріннің); қабар= «қабару», «ісу», «қампию»; қасар= «қасарысу», «ашулану», «ерегесу», «әдейі істеу»; сазар= «сазару» және тағы да басқа императивтер жекеше түрдің екінші жағындағы бұйрық райдың мағынасын, яғни императивтік мағынаны ғана білдіріп қоймайды, белгілі бір заттарға тән болатын қасиеттері мен белгілерін өзгерту әрекетін немесе процесін де көрсетеді. Оларда лексикалық сөзжасамдық мағына басым және етіс категориясының грамматикалық мағынасы болмайды. Х.Г.Нигматов атап көрсеткендей, өзгелік етістің грамматикалану дәрежесі онша емес, бірақ ортақ, ырықсыз және өздік етістермен салыстырғанда сөзжасамдық деңгейі барынша жоғары.40
ҮІІІ-ХІ ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштерінің тілін зерттеуші В.Г.Кондратьев етістің даму үрдісі туралы мынандай тұжырым жасайды: «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тіліндегі ырықсыз-өздік етістің грамматикалық мағыналарының аясы кейінгі кезеңдерге, оның ішінде ХІ-ХІІ ғасырлардағы «Құтты білік» және Махмұт Қашғаридың «Дивани лұғат-ит- түрк» тәрізді ескерткіштерінің тілдеріне қарағанда біршама тар».41
Етістік түбірін оған жалғанатын грамматикалық элементтерден морфемалық жіктеу арқылы бөліп алу қарастырылушы түбірлерді байырғы және бірбуынды деп есептеуге негіз береді. Өз кезегінде, ИЕ-тер – олар түбірлерді бұйырудың немесе түрткі болудың анағұрлым ашыла түсетін экспрессивтік реңктер жүйесін көрсету үшін морфологиялық форманттармен күрделендірудің нәтижесі.
Түркі тілдеріндегі бірбуынды түбірлердің көне екендігінде еш күмән жоқ. Дәл осы түбірлердің қазіргі күйі мен бастапқы күйінің арасында ерекше бір ортақтық аңғарылады. Қазақ тіліндегі көптеген бірбуынды түбірлердің сәйкес параллельдері көне жазба ескерткіштерінде, сол сияқты басқа да түркі тілдерінде ұшырасады. Байырғы түбірлердің бірбуындылығы қазіргі түркі тілдерін зерттеуші көптеген ғалымдардың еңбектерінде атап көрсетіледі.42 Сонымен қатар, жоғарыда атап көрсетілгендей, түркі түбірлерінің бірбуындылығы олардың этимологиялық біртұтастығына кепіл бола алмайды. Осыған байланысты да түркітанудағы түбір мәселесі бойынша әлі шешімін таппаған аспектілердің бірі ретінде – оның құрылымын анықтау мәселесі күрделене түседі.
Н.А.Баскаковтың пайымдауынша, «сөздің фонетикалық құрылымы, ең алдымен оның түбір морфемасының үшдыбыстылығымен сипатталады. Түркі тілдерінде әрбір түбір алдыңғы және соңғы буыны дауыссыз, ал ортаңғы буыны дауысты болып келетін тұйық буыннан тұрады, яғни CVC үлгісі бойынша құрылады... Ал, құрамы үш дыбыстан артық болатын түбірлерге келетін болсақ, онда мұндай түбірлер өзге тілдерден енген сөздерге жатады немесе тарихи жағынан күрделі сөзжасамдық тұлғалардан жасалатын сөздерге жатады. Олардың құрылымы CVC түбір морфемасынан + сөзжасамдық өлі немесе өнімсіз жанды аффикстерден тұрады».43
Байқап отырғанымыздай, Н.А.Баскаков CV және VC типті түбірлерді алғашқы және соңғы позициялардағы дауыссыз дыбыс түсіп қалуының нәтижесі деп санайды. Бұл тұжырымның ең алғаш Вамбериден бастау алатыны белгілі. Ол VC типті түбірлердің құрылымын былайша түсіндіреді: ac < cac, al < tal, am < kam, ar және басқалар.44
А.Зайончковский созылыңқы дауыстылардың CV типті түбірлердің құрамында болу мүмкіндігін айта отырып, CV типті түбірлер түркі тілдерінде алғашқы, ал CVC – кейінгі деп есептейді. Сонымен, А.Зайончковский алғашқы түбірлерге мыналарды жатқызады: ad > adun «таң қалу», «таңырқау»; ad > adur «ажырату», «белгілеу», «таңдау».45 Бұған *ad түбірінің фонетикалық варианты ретінде қазақ тіліндегі *ай > айыр=, ад > адыр=( адыра қал= адырна), *аж > ажыра // *аш > аша // ақа «үшақа», ар > арал = «арал» және т.б.: *ca > cag «от жағу», ca>cat «соққылау», «әбігерлену», «қол шапалақтау».
Қазақ тілінде шақ= етістік түбірі «шағу», «күл-талқанын шығару» мағыналарын, сондай-ақ ауыспалы мағынада «сөз тасу», «өсектеу», «шағымдану» мағыналарын білдіреді. Осыдан барып шағыстыр= және шағым сөздері пайда болады. Алайда, бір қарағанда, бұл лексемалардың туынды екендігін айыра қою қиын.
Осы тәріздес түбірлерге А.Зайончковский *jo< jod «жоқ болу», «мерт болу»; joq «жоқ», *jaГ.И.Рамстедт, В.Котвич және А.Н.Кононов тәрізді ғалымдар да CVC тұлғасы V және CV типтерінен пайда болған деп есептейді.46 Б.М.Юнусалиев, керісінше, алғашқы түбірлердің құрамында барлық төрт типтің де бар екендігін айтады47:
1. V: у «ұйқы», о «ойлау»;
2. C+V: са = «санау», сы= «сындыру»;
3 V+C: ат, ал=, ач=, ас=;
4. C+ V +C: кел=, кет=, суг=;
Бірақ ол CVC және VC типті түбірлердің жеке-жеке ыдырайтындығын теріске шығармайды.
Қырғыз тіліндегі CV типті түбір морфемалардың құрылымын зерттей отырып, Б.О.Орузбаева былай деп жазады: «...VC құрылымындағы түбір морфемалардың басым көпшілігі бастапқы бірбуынды дыбыстар кешенін көрсетеді. Олар, бір жағынан, өзінің құрылымдық-семантикалық тұтастығын сақтап қалған, екінші жағынан, қазіргі кезеңде көптеген өзара бөлшектенбейтін екі- және көпбуынды түбірлер жасаудың негізіне айналып отыр, олардың тарихи туынды, кейінгі тұлға екендіктері тек морфемалық-этимологиялық құрамын қарастыру барысында ғана аңғарылады»48.
Қазақ тілшілері байырғы түбірлер CV ашық буын түрінде қолданылған деген пікірді ұстанады49. Сонымен қатар көптеген CV типті бірбуынды етістік түбірлері қазақ тілінде CVC түрінде, яғни тарихи жағынан туынды түбірлер ретінде сақталған. БТН (бірбуынды түбір-негіздер) құрылымдарының типтеріне тоқтала отырып, Ә.Т.Қайдаров «қазақ және басқа да түркі тілдерінің қазіргі даму кезеңінде БТН типтерінің арасында CVC тек сан жағынан ғана емес, сол сияқты жұмсалымдық белсенділігі мен көнелігі тұрғысынан да басым түсетіндігін» атап көрсетеді, сондай-ақ БТН-нің бұл типі түркі тілдерінің жалғамалы дамуының күрделі де ұзақ процесін басынан кешіргендігін, сондықтан оны түбірлердің бастапқы типтеріне жатқызу мүмкін еместігін баса көрсетеді50.
Түбірлердің мұндай типі түркі тілдерінің типологиялық ерекшелігімен, оның жалғамалылығымен айқындалады, мұнда түбір және аффикстік морфемалардың бір-бірімен тоғысуында әртүрлі фономорфологиялық процестер орын алады, осыған байланысты В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский, Б.Я.Владимирцов, А.Н.Кононов және басқалар атап көрсеткендей көптеген түбір-негіздердің бірігіп немесе кірігіп кеткен сипаты жөнінде айтқан пікірлері орынды. Сондықтан түркі тілдерінде негіз бен қосымша тек жалғамалы түрде емес, сол сияқты фузиялы түрде де байланысады. Осының нәтижесінде морфемалар тоғысындағы фонетикалық құбылыстарды негізге алу этимологиясы көмескіленген түбірлерді қалпына келтіру (реконструкциялау) кезінде аса маңызды рөл атқарады. Т.А.Бертагаевтың пікірінше, «көп жағдайда олардың тоғысында қандай тұлғалар ұшырасатынына және негіздің қандай да бір фонетикалық өзгерістерге түсетініне (дыбыстардың түсіп қалуы, фонемалардың алмасуы, сандхи құбылысы және басқалар) байланысты болады»51. Г.И.Рамстедт «сөз қосымшасының бастапқы дыбысы мен негіздің соңғы дыбысы тоғысатын жердің аса маңызды»52 екендігін атап көрсетеді, өйткені дәл осы жерде тілдің әртүрлі фонетикалық ерекшеліктері көрініс береді. Қосымшаның бастапқы дыбысы негіздің соңғы дыбысымен үйлеседі және керісінше. Осылайша, фономорфологиялық фактор өлі түбірлердің пайда болуына ықпал ететін басты факторлардың бірі болып табылады.
Түбірлердің этимологиясының көмескіленуіндегі фонетикалық фактордың рөлін М.Томанов былайша атап көрсетеді: «Тілдің даму процесінде түбірді фонетикалық жағынан өзгерту олардың ескіруіне әкеп соғады. Фонетикалық жағынан өзгерген, семантикалық тұрғыдан көнеленген түбірлер қосымшалар жалғанған кезде еш өзгеріссіз, сол күйінде қалады»53.
Міне, осының бәрі әртүрлі тілдердегі сөздің құрылымын түсіне білу үшін тек морфологиялық қана емес, сондай-ақ фономорфологиялық талдаудың да айрықша маңызды екендігін көрсетеді54: «Сөздің фонетикалық шегін және морфеманың шегін анықтау, шектік белгілер номенклатурасын нақтылау ең кіші деген морфологиялық элементтерді бөліп алу үшін және олардың бірігу тұлғаларын сипаттау үшін объективті түрде алғышарт бола алады»55. Яғни етістік негізінің құрылымын көмескілендіретін құбылыстарға түбірлер мен аффикстік морфемалар тоғысында байқалатын фономорфологиялық процестерді жатқызуға болады. Тарихи түбірдің аффикстермен бірігуінде немесе өзара кірігіп кетуінде маңызды рөл атқарған белгілі бір шекаралық құбылыстарды анықтау зерттелетін негіздердің морфологиялық жіктелуін барынша сенімді түрде айқындауға (реконструкциялауға) мүмкіндік береді.
Түбірді тарихи категория деп тану CVC құрылымымен салыстырғанда CV және VC түбір құрылымдарын байырғы деп санауға негіз болады.
Сонымен қатар көптеген түбір-негіздердің кіріккен немесе өзара тұтасып кеткен сипаты түркі түбірінің бірбуындылығы жөніндегі қағиданы өзгертпейді. Дегенмен Г.И.Рамстедт негізгі шығу тегінде тек бірбуынды ғана емес, екібуынды (дисиллабтық) түбірлердің де болғандығын айтады. Себебі қайсы бір алтай тілдеріндегі көптеген бірбуынды түбірлер екіншісінде екібуындының сәйкестігі ретінде кездеседі (мысалы, түркі. al=, маньч. ali=). Соңғы аталып отырған жағдай, ең алдымен екібуынды түбірлердің етістіктерде де, есімдерде де кездесетіндігін, ал көпбуынды сөздің соңғы бөлігін бір немесе бірнеше жалғаулар ретінде жіктеуге болатындығын мойындауға мәжбүр етеді. Сондықтан да түбірдің бастапқы тұлғасы әрдайым күмәнді болып қала береді56.
Егер Г.И.Рамстедт өзінің зерттеулерінде түркі тілдерін монғол-маньчжұр тілдерімен салыстырғанда анағұрлым кейінгі даму сатысына жатқызса, ал В.Котвичтің алтай тілдеріндегі екібуынды түбірлерге деген қөзқарасы өзгеше: «Едәуір ықшам тұлғалар сонау ататүркі тілінің өзіне белгілі болса, ұзақ, созылыңқы монғолдық тұлғалар анағұрлым кейінгі құбылыстардың нәтижесі болып табылады»57. Сондай-ақ ол түркілік тұлғалардың бастапқы екендігіне тағы да бір дерек келтіреді: «Түптеп келгенде, монғол тіліндегі сөздердің ұзартылуына қатысты жалпы үрдіспен санасуға тура келеді, осы мақсаттар негізінде оларға белгілі бір дауыстылар мен дауыссыздар, кейде тұтас буындар да қосылып отырады»58.
Н.А.Баскаков түркі түбірінің екі дыбыстан тұратын ашық буынды болып келетінін негіздеген В.Котвич теориясына қарсы дәйек ретінде созылыңқы дауыстылардың түркі түбірінің шынайы табиғатын ашып бере алмайтынын айтады. Ғалым төрт дыбыстан тұратын CVCC тұлғалы модельдерді CVC тұлғасына өнімсіз немесе өлі аффикстер жалғану арқылы қалыптасқан деп, ал бір ғана дауыстыдан тұратын ö – “ойлау”, и – “ұйқы”, ї – «өсімдік» тәрізді V тұлғалы модельдерді CVC тұлғасының ықшамдалып, VС моделіне айналған (ї =yі=yіg) негіз деп қарайды59.
Н.А.Баскаков түбір құрылымы туралы осы тұжырымын кейінгі еңбектерінде тереңдетіп, CV тұлғалы ашық буыннан тұратын түбірлердің де түркі түбірінің табиғатын анықтаудағы маңызына мән береді. Бірақ сандық қатысына қарай CVC тұлғасы басымдық алатынын, сондықтан тарихи түбір де осы тұлға болатынын қайталап көрсетеді60.
Тарихи туынды ИЕ-ді талдау негізінде өлі түбірлерді жіктей отырып, біз байырғы етістік түбірлердің негізгі құрылымдық типі бірбуынды VC және CV типтері болып табылатынын байқадық. Шын мәнінде, бұл жерде нақты түсіндіре кету қажет: дауыссыздың тұрақсыз болуының нәтижесінде пайда болған варианттылық көптеген түбірлерге тән болып келеді: «Өзге жағдайлардағы тәрізді мұнда да тілдің даму барысында болуы ықтимал фонетикалық өзгерістер ескерілуі қажет, байырғы дауыссыздың түсіп қалуы (салыст.: ығла=, қаз. қырғ. ыйла=, өзб. йығла= «жылау», ежелгі созылыңқы дыбыстар және якут тіліндегі байырғы дифтонгтар, сал. якут. уот, түрікм. оот, бірақ қырғ. және басқаларында от) және тағы басқа да фонетикалық құбылыстар»61.
Түркі тілдеріндегі етістік түбірлерге тән болып келетін VC және CV типтері қазіргі кездегі тілдерде осы күйінде сирек кездеседі. Дегенмен ХІ ғасырдағы Махмұд Қашғаридың белгілі «Диуан лұғат ат-түрк» ескерткішінде, сол сияқты А.фон Габеннің «Altturkische Grammatik» еңбегінде берілген сөздік материалдарында C+V типті оннан астам бірбуынды негізді кездестіруге болады62.
Қазіргі кезде өлі түбірлер ретінде қабылданып отырған мұндай негіздерді тарихи туынды екібуынды және көптеген бірбуынды ИЕ-дің құрамындағы гомогендік қатарға жасалған салыстырмалы тарихи морфемалық талдау арқылы да аңғаруға болады. Тарихи туынды екендігіне қарамастан, соңғылары қазір түбірлер болып саналады. Бұл аффикстік морфемалардың динамикалық табиғатына орай «түбір морфема түрленуінің ұдайы әрекетте болатын тетігі арқылы» түсіндіріледі, олар мыналарға байланысты болады: 1) кейбір аффикстік морфемалардың өнімділігін жоғалтуы: мысалы: бағла= «байлау» етістігі бағ+ла= деген екі морфемадан тұрады, *бағ түбірі тарихи тұрғыдан алғанда *ба= «байлау» + ғ – есімдердің етістік негізді құрылымының аффиксі: оq oq-pa+н «оқып-үйрену», «ақыл, ес», о «ойлау» және басқалар. 2) сөздің фонетикалық түрленуі: бо + - л > ол «болу»; таш +ық чық – «шығу»; ба+н>ман «мен» және басқалар63. А.Н.Кононов мұндай пікірін УІІ-ІХ ғғ. түркілік руникалық ескерткіштердің тілі туралы жазған еңбегінде де атап көрсетеді: «... түбірдің құрылымы бірқатар жағдайларға орай өзгереді, ең бірінші кезекте ол сөз тудыруға қабілетті кейбір форманттардың қатысуын сақтап қалуына байланысты. Мысалы, қазіргі түркі тілдерінде bayla = «байлау» құрылымының бастапқы негізі ba = «байлау» + y//g зат есімнің етістік негізді аффиксінен тұратын bay «бау», «байлам» зат есімі екендігі белгілі»64.
Түбір шегінің өзгеруі, біріншіден, «түбір» ұғымының тарихи ұғым екендігімен байланысты. Осымен байланысты түркітануда түбір екі аспект бойынша қарастырылады: синхронды және диахронды. Түбірдің синхронды аспектісіне Н.А.Баскаков былайша анықтама береді: «... түркі тілдерінде сөздің заттық нақты мағынасы қамтылған жіктелмейтін бөлігі сөздің түбірі деп аталады»65. Біз бұл анықтаманы жоққа шығара алмаймыз, бірақ оның шарттылығын да мойындауымыз керек. Себебі «жақ =, жан =, жал = тәрізді мысалдардан аңғардық, қазіргі кездегі осы тәріздес сөздер тарихи грамматика бойынша біздің санамыздың толысу деңгейіне қарай жіктеледі»66.
Н.А.Баскаковтың байырғы тип ретінде қабылдаған CVC типті бірбуынды түбірлердің жіктелетіндігі туралы пікірі және Г.И.Рамстедт, В.Л.Котвич, А.Зайончковский, Б.М.Юнусалиев, Ә.Т.Қайдаров және тағы басқа ғалымдардың көзқарастары бірдей. CVC типті негіздер құрамынан тарихи тұрғыда бөліп алынған түбір морфемалар жай дыбыстардың тіркесімі болып табылмайды, олардың бастапқыда белгілі бір лексикалық мағынасы болған. Түбір тарихи категория болғандықтан, оның өзгеру шамасы семантикалық, фонетикалық, морфологиялық тұрғыдан бағаланады, ал оның жасы жүздеген емес, мыңдаған жылдармен өлшенеді, өйткені көп жағдайларда ол жаңарған, яғни түрі өзгерген, этимологиялық жағынан көмескіленген болып келеді. Қазіргі тілде мұндай түбір тек жорамал элемент немесе өлі түбір ретінде ғана ұшырасатындығы да осыдан болса керек. Сондықтан CVC типті түркі тілдеріне тән түбірлердің қалыптасуы – түбірдің аффикстік морфемамен фузиялы түрде бірігуінің нәтижесі, көп жағдайларда А.Н.Кононов және басқа ғалымдар атап көрсеткендей, етіс мағынасын да білдіреді.
Өлі түбірдің басты құрылымдық ерекшелігі оның бірбуындылығы екендігіне көзіміз жеткеннен кейін, енді біздің барлық екібуынды ИЕ-ді туынды ретінде қарастыруға толық құқығымыз бар. Түркітануда олар туынды негіздер ретінде саналады да, арнайы қарастырылмайды. Бөліп қарастыруға болатын бірбуынды түбірлермен салыстырғанда екібуынды негіздерді этимологиялық жағынан талдау жеңілірек болса да, олардың туынды екендігін дәлелдеу оңай емес. Мысалы, √-ыр = //-р = моделі бойынша жасалған төмендегі екібуынды ИЕ-тер:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет