Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе



бет147/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   248
Қыз (қызалақ бала) – әйел бала.
Өкіл бала – өзінен тумаған, бауыр басқан бала.
Өгей бала – қаны бөлек асыранды бала.
Тұңғыш – ең алғашқы перзент – ұл, қыз.
Кенже – ең соңғы перзент, баланың ең кішісі.
Аға – бауырлас ер адамдардың жасы үлкені.
Іні, үке – бауырлас ер адамдардың жасы кішісі.
Апа, әпке, тәте – бірге туған адамдардан жасы үлкен қыз.
Қарындас – бауырлас ер адамдардан жасы кіші қыз.
Сіңлі – бірге туған қыздардың жасы кішісі.
Белнемере – бірге туған ер адам балаларының бір-біріне қатысты атауы.
Бөле – ағайынды апалы-сіңлілі адамдардың балалары.
Қарын бөле – бірге туған апалы-сіңлі балаларының өзара жақындық атауы.
Нағашы – бала шешесінің ата-анасы мен бауырларына жақындық атауы.
Жиен – күйеудегі қыздың баласы.
Жиеншар – жиеннен туған бала.
Жезде – апаның, тәтенің күйеуі.
Күйеу (бай) – әйелдің ері.
Күшік күйеу – әйелінің ата-анасы қолына кірген күйеу жігіт.
Бажа – туысқан қыздарға үйленген ер адамдар
Балдыз – әйелдің жасы кіші туыстарының күйеуіне (жездеге) жақындық атауы.
Жеңге – жасы үлкен туыстың, ағаның әйелі.
Абысын – жасы кіші туыс әйелінің аға әйелінің жеңгені сыпайы атауы.
Келін – 1. баланың әйелі. 2. жасы үлкен туыстар үшін інінің әйелі.
Кіндік шеше – нәресте дүниеге келгенде кіндігін кескен әйел, сәбидің екінші анасы саналады.
Қайын ата – ерлі-зайыптылардың әкелері, аталар
Қайын ене – ерлі-зайыптылардың шешелері, әжелері.
Қайнаға – ерлі-зайыптылардың ағалары.
Қайын іні – күйеудің інісі.
Қайын сіңлі – күйеудің қарындасы.
Қайын апа – күйеудің әпкесі.
Қайынбике – әйел әпкелерінің күйеу балаға жақындық атауы.
Жаушы – құда түсер алдында қыздың әке-шешесіне барып, сыр тартып, келісімін алып келетін адам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет