Тұрмыстық ойындар Қуыршақ Бурақотан Ақбұзау Түйе-түйе Тобық жасыру Тобық жұту Тұтқын алу Мүйіз-мүйіз Айқұлақ Күзем алу Ақ аю Сары құлан Сарыала қаз Бақай пісті Қылмаң Тоғыз аяқ, тоғыз табақ Хан жақсы ма? Қаһарлы Бану Үйімнің үстіндегі кім? Тұзақ құру Аңшылар Ақ байпақ Көк сиыр Қой бағу Мысық пен тышқан Үлек пен тайлақ Қасқыр қақпан Шымбике Асау мәстек Көги гөк Үй артында қол ағаш Қарт-құрт Шұқыма Бөрік жасырмақ Бұғнай Аларман (қасқыр мен қой) Дүмпілдек Аш қасқыр Қыз бөрі Құда тарту Мыршым Ләңгі Шертпек Қара бие
Сауықтық ойындар Алты бақан Ақ сүйек Жасырынбақ Соқыртеке Ай керек Бастаңғы Тымпи Монданақ Белбеу тастау Көрші-көрші (татумысың, аразбысың?) Сақина салу Түйілген орамал Орамал тастау Ақ боран Қалтырауық қамыр кемпір Дауыста, атыңды айтамын Шертпек Инемді тап Белбеу соқты Жым-жым Үндемес Орамал – телпек Топаяқ Теметер Көпір Қабар күн-түн Айдапсал Қарамырза Мырыш-мырыш Кім шертті? Жылдырт-жылдырт Тауқырайдан Қынаменде Тоқым қағар Сақина тастау (Ақшамшық) Қыз ойнақ Батпырауық Бөріктастамақ Дар ойыны (арқан бишілері)
Спорттық ойындар Алтын қабақ Тоғыз құмалақ Аударыспақ Аламан бәйге Жорға жарыс Тай жарыс Құнан жарыс Дөнен жарыс Бөрік алыспақ Мүше Қыз қуу Теңге ілу Қыз жарыс Жаяу жарыс Әйелдер жарысы Күрес Бұқа тартыс Шүлдік (лекжалау, атабаш) Домалақ ағаш (қазан) Атан (түйе) жарыс Арқан тарту Көкпар (дода көкпар, мәре көкпар) Жаяу көкпар Мойын арқан Әңгір Жағалық Асау үйрету Таяқ лақтыру Сиқырлы таяқ Тымақ үру Тоспа доп Бойға доп дарытпау Шеген Арқан керу Арынды арқан Түйілген шыт Қызмай доп (қазан доп, қыз доп) Қап киіп жарысу Жаяу тартыс Ат омыраулату Жігіт қуу Жүрелей секіру Дойбы Ақсерек-көксерек Қашпа доп Қақпа доп Көк бөрі Қыз бөрі Жамбы ату Атқаума Айгөлек Мәлкі тотай Қоян Ақ терек Әуе таяқ Жанды дөңгелек Қарғымақ Қарақұлақ Алакүшік Қырықаяқ Көген тартыс Тең кетеру Бүркіт Қуалап соқ Марламқаш Ептілік Бәлләй Ортаға түспек Күшің жетсе үзіп кет Күлли Түйе шешу Тымақ үру Сайыс Қарагие (найза лақтыру) Қақпа тас (бес тас) Ат үстінен тартыс Таяқ жүгірту Қамалды қорғау Бақ-бақ Ағызбақ Таяқ ойнау Арқан аттау Кім жылдам? Үш орындық Ошақ Салма алу Кім ұрды? Әйкел Ақпа Аяқ күрес Кер көтерді
Асық ойындары Хан Хан-уәзір Хан талапай Алшы Омпа Табан Бәйге Үйірмекіл Асық тігу Тасқала Көтеріспек (көтермекіл) Кетсін бір Құмар Қақпақыл Өлді Сөре Әйзік Шеңбер Топай Тисе алар Хан атпақ Тисін қабат Үш табан Шық етер Төрт асық Бес асық Сасыр Алты атар Қаржымақыл
ХАЛЫҚ ТАНЫМЫНДАҒЫ КИЕЛІ БЕЙНЕЛЕР, СӘУЕГЕЙЛЕР МЕН ЕМШІЛЕР Пір – 1. Адамзатты қолдап-қорғаушы рух, адам табынатын, сыйынатын аруақ. 2. Қасиетті дін басшыларына сыйынатын ұғым.
Ғайып ерен, қырық шілтен – мұсылмандарды жебеп-желеп, қолдап жүретін, көзге көрінбейтін киелі бейне.
Қыдыр – ел аралап жүретін адам бейнелі әулие, адамға бақыт, ырыс, дәулет әкелуші.
Әулие – адам тағдырына игі ниет жасай алатын киелі жан, бейне.
Әулие-әмбие – қасиетті, киелі жандар, пайғамбарлар, шадиярлар.
Қызыр – аңыздық әулие есімі.
Абыз – көп білетін көріпкел, алдын болжай алатын кемеңгер адам.
Сәуегей, көріпкел – адам тағдырын, табиғат құбылыстарын, төтен оқиғаларды күні бұрын аңғарып, болжаушы.
Бақсы – әртүрлі тәсілде (жын шақыру, отпен аластау, қобызда ойнау, т.б.) ауру адамды емдеуші.
Елті – бақсы әйел.
Емші, дарымшы – халықтық медицинамен айналысатын тәуіп.
Бәлгер – ауру адамды бал ашып емдеуші.
Сынықшы – адамның, малдың мертігуден сынған не буынынан шыққан сүйектерін орнына салушы.
Оташы – сыртқы жара, ісік ауруына пышақ жұмсап емдейтін халық емшісі.
Зікірші – ауру адамды діни сарында зікір салып емдейтін бақсы.
Тамыршы – тамыр ұстау арқылы адам сырқатын анықтап, ем-дом жасаушы.
Жауырыншы – ет пен шеміршектен аршылып, пышақ жүзі тиіп жарақатталмаған таза қой жауырынына қарап бал ашушы.
Құмалақшы – қырық бір қой құмалағын тартып, адам тағдырын және өзге де оқиғаларды болжаушы.
Үшкіруші – дұға оқып, дем салып емдеуші.
Ұшықтаушы – сырқат адамды аластау арқылы емдеуші.
Кұшнаш – ем-дом жасайтын тәуіп.
Пұрқы – бақсы, диуана.
Қалендар – бал ашып, көріпкелдік жасап жүретін арқалы адам.
Жарақшы – ет жарақатын емдеуші.
Бәдік – бақсы, бәлгер.
Жадышы – соғыс кезінде аспаннан түскен сиқырлы тас "жауынның" көмегімен жау әскері үстіне қар, жауын жаудырып, найзағай түсіретін адам.
Қойқап – бақсылардың жыны мекендейтін орын.
ЖЕТІ ЖАРҒЫ Жеті жарғы – қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғүрып зандарының жинағы.
«ЖЕТІ ЖАРҒЫ» НЕГІЗІНДЕ АНЫҚТАЛҒАН ҚҰН ЖӘНЕ АЙЫП ТҮРЛЕРІ
ҚҰН Құн, бодау – қиянаттан қиылған адам өмірінің сұрауы, күнәһәрдің жазасы.
Өнер құны – би, шешен, ақын-жырау, атақты домбырашы-күйші, әнші, батыр өлтірілсе – өнерлілігі, өнегелілігі үшін төленетін үстеме құн.
Сүйек құны – кісі қолынан өлген адамның сүйегі еліне, туыстарына жеткізілмей, жат жерде жерленгенде төленетін қосымша құн.
Сүйек құны – қанды қара шолақ ат, қара нар, қанды қару, қанды кілем, қара тон, сары жаулық.
Барымта – билер кескен үкімді жазықты жақтың дұрыс орындамағанын даулаушы жақтың дәлелдеу актісі; өзіне билікпен кесілген айып, құн сияқтылардың тиісті екендігін дәлелдеудің әрекеті.
Қанды қарашолақ ат – қылмыскердің әлгі адамды өлтірген кезде мініп жүрген аты. Құйрығы түбінен шорт кесіліп шолтитылады.
Қара нар – марқұмның мәйітін артуға арналады.
Қанды қару – қылмыскердің қолданған суық қаруы. Қанды кілем – марқүмның мәйітін ораған кілем. Қара тон – өлген адамның ең жақындарынан қара жамылған бір әйелдің жыл бойы киюіне беріледі.
Сары жаулық – марқұмның жесіріне жыл бойы аза тұтып, басына тартуға арналады.Дауға төрелік етуші биге, жаушылық қызмет атқарған жасауылға, даушыға, жіпкесерге қылмыскер қырық байтал төлем төлейді.
Ақ құн – құнның жақсы малмен өтелетін түрі.
Бес жақсы – нар, кілем, ат, қылыш, киімнің ең тәуірі төленетін құн түрі.
АЙЫП – ұрланған бір түйе үшін үш тоғыз – 27 түйе және бір қызметкер;
– ұрланған екі түйе үшін алты тоғыз – 54 түйе және екі қызметкер;
– бір жылқы ұрланса, үш тоғыз – 27 жылқы және түйе;
– екі жылқы ұрланса, алты тоғыз – 54 жылқы және 2 түйе;
– бір қой ұрланса, үш тоғыз – 27 қой және 1 ат;
– екі қой ұрланса, алты тоғыз – 54 қой және 2 ат.
Ат-шапан – айыпкердің зәбір көрсетіп, ренжіткен адамына ат мінгізіп, үстіне шапан жауып, айыбын өтеу.
Тоқал тоғыз – тек тоғыз қой төлер айып.
Азусыз ат, жиексіз тон – өте болымсыз, жеңіл кінәсіне бір қой мен жыртыс мата төлейтін айып.