Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе


Бөген – жас тал мінсіз жонылып, жақсы әрленген, морға қыздырылып, қыртысын сыртына қарай иген бесіктің екі басы. Жақтау



бет151/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   248
Байланысты:
антология- Тіл білімінің негізгі мәселелері (1)

Бөген жас тал мінсіз жонылып, жақсы әрленген, морға қыздырылып, қыртысын сыртына қарай иген бесіктің екі басы.
Жақтау – төртеу. Екі үлкен жақтаудың ұзындығы арқалықпен бірдей, қос бөгеннің аңғарларын керіп тұратын екі жақтаудың ені бесік еніндей тақтайша.
Шабақ – төртеу. Екі бөгеннің аяқтарын қосып тұратын ұзын жақтауларға біркелкі қашықтықта көлденең қашалып бекітілген бесік еніндей тақтайша.
Сабау – екеу. Екі бөгенді қосып тұратын екі ұзын жақтаудың астына түсетін, бесік ұзындығына тең жұмыр ағаш.
Жорға – екеу. Бөгендердің иілген басына қарама-қарсы бекітілген, астыңғы қыры қайқы – бесіктің табаны.
Шүмек – бесіктегі сәбидің кіші дәреті үшін қойдың асық жілігінің бір басы тесіліп, екінші басының төменгі жаны ойылып жасалған түтікше.
Түбек – сәбиді бесікке бөлегенде жаялығы былғанбау үшін бесіктің астын тесіп орнатылатын алмалы-салмалы киіз қалта.


БЕСІКТІҢ ЖАСАУ-ЖАБДЫҚТАРЫ
Ши – бесік шабақтарының үстінен ұзынынан жайылатын, түбек бекітілер тұсы ойық, тоқылған ши төсеніш.
Жөргек – шидің үстінен төселетін, түбек тұсы ойық жұқа киіз немесе арасына мақта, жүн салынып сырылған көрпеше.
Қауыздау киіз – жөргектің астына салатын киіз.
Құс төсек – түбек тұсында дөңгелек ойығы бар, жөргектің үстінен төселетін, арасына құс мамығы салынып, қабылған жұмсақ төсеніш.
Жастық – бесік енімен бірдей, арасына құс мамығы толтырылған кішкене жастық.
Көрпе – жұқа матадан тігілген жаздық және арасына мақта, түйе жүні салынып қабылған қыстық жамылғы.
Жаялық – сәбидің денесін орайтын жұмсақ мата.
Кепіл – түбек ойығын төңіректеп төселетін, сәбидің жалаңаш тәні қажалмау үшін жамбас тұсына, тізе аралығына кепіл ретінде салынатын кішкене жұмсақ жастықшалар.
Таңғыш – екеу. Ұштары бесіктің екі жанындағы сабау ағаштарға таңылатын, біреуі бөленген сәби, көкірек тұсынан, екіншісі тізеліктің үстінен түсетін, биязы жүннен тоқылған құр немесе екі-үш қабат мата сырып, ызып жасаған тартпа бау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет