Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе



бет60/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   248
Палуан болар ма екенсің?
Бал қайнатып, шай ішкен
Қазы кертіп, жал жеген,
Асты болар ма екесің?
Ұзақ жасап, көбірек
Басты болар ма екенсің?
Қуып ойдың жетігін,
Біліп ғылым тетігін,
Ғалым болар ма екенсің?
Еңбек етіп бар елге,
Өнеріңмен әлемге
Мәлім болар ма екенсің?
Көп қиыннан өтерсің,
Мақсатыңа жетерсің,
Ұйықтай қойшы бөпешім!
Қазақ этносына тән дүниетаным мен сананың айқын айғағы, халық даналығы мен философиялық толғанысының, эстетикалық танымы мен тағлым-тәлімінің, өркениеті мен мәдениетінің, барша болмысының қайнар бұлағы – мақал-мәтелдер. Біздің ойымызша, мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық сипатын белгілейтін мынадай тетіктерін атап көрсеткен жөн: 1) Күнделікті өмірде, тұрмыста, әлеуметтік-қоғамдық, отбасылық т.б. ұжымда кездесетін сан қилы құбылыстарға, жайттарға ұлттың ойлау жүйесі мен танымы деңгейіне де тұжырым жасап, даналық баға беру; 2) Мақал-мәтелдердің халық арасына кең тарап, қаймағы бұзылмай ұрпақтан-ұрпаққа жетуінің бір сыры – олардың қазақ халқының ұлттық болмысына тән ерекше дамыған бір қасиет шешендік өнермен, көркем сөз кестесімен өрілуі; 3) Мақал-мәтелдердің ұлттық болмысқа қатысты этнотаңба ретінде қолданылуы олардың ерекше коннотациясында.
Бұл жайларды тұжырымдап айтқанда, түрлі тілдік жағдаятқа сай мақал-мәтелдердің ұлттық, ұжымның коммуникативтік қызметінің мәнін күнделікті өмір тәжірибесінде болып жататын қалыпты құбылыстар мен жайлардың сол тілді қолданушы ұжымның әлеуметтік-қоғамдық, қоғамдық-рухани қалпына сәйкес қолданылуы деп анықтауға болады. Бұл тіл білімінің теориясында «екінші уәжділік» деп аталады. Мысалы, қазіргі әлеуметтік қоғамда педагогикалық қағида іспетті қолданылатын «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» мақалы акад. Ә.Қайдардың түсіндіруінде о баста саятшылар ортасында пайда болған.
Сондықтан өзіндік танымдық-прагматикалық уәжде қалыптасқан, көркем сөз өнерінің көрікті өрнегі арқылы ұлт рухының құдіретті күшінің тілдік көрінісі деп тұжырымдалған Б.Дина, Ш.Қарсыбековалардың зерттеулері мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық феномен ретіндегі кешенді, этномәдени табиғатын нақты дәйектейді.
Көріп отырғанымыздай, этносты тіл арқылы танудың таным көзінің бірі – рухани мәдениеті десек, оның таңбалануының түрлі тілдік көріністері де этнолингвистикалық зерттеу нысаны болуда. Атап айтқанда, рухани бұлақтарда (халық ауыз әдебиеті, фразеология, мифология, көркем мәтіндер т.б.) этносқа қатысты рухани мәдениеттің тілдік бейнесінің сан түрлі арналар жүйесі қалыптасқан. Осы жүйені тіл мен этнос контексінде лингвоэтнографиялық, этномәдени тұрғыдан зерттеген С.Жанпейісованың пікірінше, рухани мәдениет лексикасының мазмұнында этнопедагогикалық дағдылар, құқықтық-әлеуметтік нормалар, әкімшілік бөлініс, басқару жүйесі, билік жүргізу, лауазымдық дәреже тағы басқаларына қатысты құнды деректер айғақталған [49]. Мысалы: жүз, төре, хан көтеру, ала жіпті аттамау, барымта, бақал қыдырту, ат құйрығын кесу, құйрық түю, тұсау кесу, қорықтық құю, қара шығын, қынаменде, айттырып алу, жеңге алу, қол ұстатар, шаш сипар, қырық жеті, құйрық бауыр жесу, тасаттық беру, ақ сарбас // боз қасқа атау, жарыс қазан, үкі тағу, үш тоғыз т.б.
Сол сияқты, этностық сандық, кеңістік, көлем, уақыт, жас-мөлшері т.с.с. құбылыстарының да сапалық тұрғыдан сипаттау дағдысы ұжым мүшелерінің тіршілік ортасының рухани дүниетаным деңгейіне сәйкес қалыптасып, өзіндік метрологиялық жүйе құрайтыны байқалады: соқыр, алты ен, қарын (май), қосақ (қой), лек, танап, сайыпқыран, тастүлек, мұзбалақ, үш қырыққан (түйе), мүшел жас, талтүс, сәскетүс, ақшам, бие сауым, желі бойы жер, кереге бойы т.б.
Сонымен, қазақ тiлiнiң лексикасы – қат-қабат, саpқылмас мол қазына. Ол байлықтың ең бip сүбелi қабаты – этногpафиялық лексика. Онда мағынасы күңгipттенiп, қолданыстан шығып қалған, өткен өмip мен ескipген әдет-ғұpыпты бейнелейтiн, әpтүpлi кәсiпке байланысты ұмыт болған атаулаp мен сөз тipкестеpi көптеп кездеседi. Атап айтқанда, мал бағуға, саятшылыққа, зеpгеpлiкке т.б. байланысты атаулаpға және солаpға қатысты байырғы құбылыстардың тілдік бейнесі ретінде сөз тipкестеpi мен фpазеологизмдеpде, тiл шебеpлеpiнiң дайын үлгiлеpi – мақал-мәтелдеpде халқымыздың басып өткен бүкiл ұзақ өмipiнiң өpнегi жатыp.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет