Балл
|
Грамматика мен лексиканы дұрыс
қолдануы
|
Сұрақты түсіну мен толық
жауап беру қабілеті
|
9-10
|
Грамматикалық және лексикалық
құрылымдардың қолдану аясын өте
жақсы түсінеді.
Сөз саптауы дұрыс, анда-санда
мардымсыз қателерді жібереді.
|
Тақырыпты өте жақсы түсінеді.
Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі
орынды.
Талқылау кезінде өз ойын толық
жеткізе алады.
|
8-7
|
Грамматикалық және лексикалық
құрылымдардың қолдану аясын жақсы түсінеді.
Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді.
|
Тақырыпты жақсы түсінеді.
Күтпеген сұрақтарға жауабын
ойланып, әрі орынды жеткізеді.
Талқылау кезінде өз ойын түсінікті
жеткізе алады, бірақ кейде сырттан
қолдауды қажет етеді.
|
6-5
|
Грамматикалық және лексикалық
құрылымдарды қолдану аясын орташа
түсінеді.
Сөз саптауы дұрыс, қателері
байқалғанмен, түсінуге кедергі
тудырмайды.
|
Тақырыптың негізгі тараптарын
түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды
талдауда едәуір қиналады.
Күтпеген сұрақтарға жауап беруде
қиналады.
Талқылау кезінде қолдауды қажет
етеді, жауаптарын алдын ала
дайындап келгендей көрінеді.
|
4-3
|
Грамматикалық және лексикалық
құрылымдардың қолдану аясын аздап
түсінеді.
Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады.
|
Тақырыпты түсінуде қиналады.
Күтпеген сұрақтарға жауап беруде
қиналады, тақырыпты ашуды дамыта
алмайды.
Талқылау кезінде жақсы қолдаусыз
өзін көрсете алмайды.
|
2-1
|
Грамматикалық және лексикалық
құрылымдардың қолдану аясын өте аз
түсінеді.
Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі.
|
Тақырыпты түсінуде қатты қиналады.
Күтпеген сұрақтарға жауап беруде
қиналады, тіпті жауап бере алмайды.
Талқылауға өте аз қатысады.
|