13.Ауаның ыдырауы А) таттану В) жану С) еру Д) шіру
14 Өзенге салынған көпір ненің әсерінен берік болып тұрады? А) тартылыс күшінің В) серпімділік күшінің
С) үйкеліс күшінің Д) серпімділік,тартылыс күші
15. Температура әсерінен заттың қатты күйден сұйық күйге айналу үдерісі..... А) балқу В) қайнау С) жану Д) қату
Әдебиеттік оқу
1. Қазына көтерген бала кім?
А) Ш. Уәлиханов Ә) М. Әуезов Б) Қ. Сәтбаев
2. Жұмбақты шеш: Бір нәрсе қанаты бар, ұшпас биік,
Сонда да жүрмейді екен жерге тиіп.
Арасын жер мен көктің өрт алса да,
Кетпейді ешбір жері отқа күйіп.
А) балық Ә) жапалақ Б) түйеқұс
3. Төрт - түлік жырларында жылқының иесі қалай аталады? А) Зеңгі баба Ә) Ойсыл қара Б) Қамбар ата
4. Жоңғарлардың қазақ даласына басып кірудегі мақсаты: А) хан билігіне таласу Б) қазақ елімен қарым қатынасты күшейту
Ә) қазақтың бар байлығын иемденіп, жерін басып алу
5. «Бәсіре» деген не? А) ауыр зат Ә) дәмді тамақ Б) жас құнан
6. «Әжесі өлген соң, көңілінде де тіршілігіне сүйсінгендей ашық күн болған жоқ» деген сөйлем қай мәтіннен алынған? А) Бала Тұрар Ә) Жетім Б) Тау қыраны
7. Белгісіздеу нәрсені белгілі нәрсеге, белгісіздеу сипатты белгілі сипатқа балап, көрнектеп, ашығырақ көрсету үшін қолданылатын бейнелі сөзді тап: А) теңеу Ә) кейіптеу Б) суреттеу
8. «Ауылдың малы балалап,Айран шықты аз көпті», деген өлең жолдарын кім жазды? А) М. Хакімжанова «Көктем жыры»
Ә) Ш. Құдайбердіұлы «Жаз келер» Б) І. Жансүгіров «Көктемде»
9. Туған жердің бүлінген табиғаты туралы жазылған әңгіме қайсысы? А) Ж. Жұмаханов «Ақ боран» Ә) А. Алтай «Дегелеңдегі жарылыс»
Б) М. Қалдыбаев «Үлек»
10. «Осы жұмыс ырғағы,
Білезік пен алқаны.
Сақинаны, сырғаны,
Күміс сымнан тартады», деген өлең жолдарында қандай өнер жөнінде айтылған? А) зергерлік Ә) ұсталық Б) шеберлік