Қазақ тілі (А2 деңгейі) пəні бойынша Барлық бағыттардағы факультеттердің орыс бөлімдеріне арналған ОҚу бағдарламасы (syllabus) Курс



Pdf көрінісі
бет26/83
Дата23.09.2022
өлшемі20,14 Mb.
#39939
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   83
ЖАЗЫЛЫМ
3-тапсырма. Мəтіннен үлгі бойынша сөздік картасын жасаңыз.
Сөздік картасы
Жаңа сөз
Жаңа сөздің мəтіндегі қолданысы
Ассоциация
Синоним
Антоним
Анықтама
Сөйлем
АЙТЫЛЫМ
5-тапсырма. Жағдаяттық тапсырмалар.
а) Сіз досыңызбен сағат алтыда кездесуге уəде бердіңіз. Бірақ сіз
келе алмадыңыз. Досыңыз сізге ренжіді. Досыңызға себебін
түсіндіріңіз.
ə) Сіз таңертең сабаққа 30 минут кешігіп келдіңіз. Себебін
түсіндіріңіз.
б) Сіз жұмыста кідіріп қалдыңыз.Сіздің қарныңыз ашты. Сізге
1сағаттан кейін кездесуге бару керек. Əріптесіңізден 1 сағатта
қайдан тамақтануға болатынын сұраңыз.
в) Қойын кітапшаңызға қараңыз. Не үлгердіңіз, не үлгермедіңіз?
Нақтылаңыз.
МысалыСағат 10.30-да анам телефон соғу - телефон соқтым.
г) Сізге Ресейден досыңыз келді. Сіз аптаның əр күнін
жоспарлаңыз. Досыңызды қашан, қайда апарасыз?
Əдебиеттер: [7.1.2], [7.1.3], [7.2.4.], [7.2.3.9]
5-апта: Менің күнделікті жоспарым
Тақырып: Менің күн тəртібім
Грамматика: етістік +уға ұмтылады құрылымы
Назар аударыңыз!
Етістік+уға ұмтылады Ол жаңа шыққан кітаптарды
бірінші болып оқуға ұмтылады.
ОҚЫЛЫМ
1-тапсырма. Мəтінді оқыңыз.
Менің есімім Анар. Мен 1 курс студентімін. Мен үнемі күн
тəртібін құрамын. Өйткені күн тəртібі- уақытты тиімді
пайдалануға, жоспарлаған істерді уақытында орындауға көп
көмектеседі. Мен сағат 7.00-де тұрамын. Жуынып, таңғы
жаттығу жасаймын. 7.30-да таңғы асымды ішемін. Сабақ сағат
8.30-да басталады. Сабақтан кешігіп қалмау үшін, уақытынан
ертерек шығу менің əдетіме айналған. Сабақ аяқталған соң
кітапханаға барып үй- тапсырмаларын орындаймын. Үйге
17.00-де келемін. 1 сағат демалып алғаннан кейін, анама үй
шаруасына көмектесемін. Сіңілім Жанарды балабақшадан алып
келемін. 19.00-де отбасыммен бірге кешкі ас ішемін. 21.00-ге
дейін теледидар көремін, кітап оқимын. 22.00-де ұйықтаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет