Қазақ тілі (А2 деңгейі) пəні бойынша Барлық бағыттардағы факультеттердің орыс бөлімдеріне арналған ОҚу бағдарламасы (syllabus) Курс


АЙТЫЛЫМ Диалог, отбасын сипаттау. 4-тапсырма



Pdf көрінісі
бет22/83
Дата23.09.2022
өлшемі20,14 Mb.
#39939
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   83
АЙТЫЛЫМ
Диалог, отбасын сипаттау.
4-тапсырма. Топтық жұмыс:
4.1 І топ: Атасы мен немересі сахналау (Рафт стратегиясы).
ІІ топ: Визуалдандыру (алдын ала дайындалған фото- суреттер
бойынша)
Үлгі: Бұл - менің жездем. Жезде деп əпкенің жолдасын айтады.
Оның аты - Ардақ. Жездем 32 жаста, ол- құрылысшы. Жездем
мені ойнатады, еркелетеді. Мен оны жақсы көремін.
4.2 «Бір минут» əдісі бойынша
Оқушылар кезек бойынша бір минут ішінде сабақ тақырыбы
бойынша тоқтаусыз, қайталаусыз жəне қатесіз сөйлейді.
3-ТАҚЫРЫП. МЕНІҢ НАҒАШЫЛАРЫМ.
Грамматика: ауыспалы келер шақтың көпше түрі
• ОҚЫЛЫМ.
1-тапсырма. Мəтіннен тірек сөздерді табу, ұқсас заттарды
салыстыра сипаттау.
Қазақ халқының салт-дəстүрі бойынша ер-азаматтың үш


жұрты болады. Үш жұрт та жанашыр, сүйеніш, қорғаныш.
Нағашы жұрты – «сыншыл жұрт» деп аталады.
«Жақсылығыңа сүйінеді, жамандығыңа күйінеді. Əрқашан
тілеуіңді тілеп, қамқоршы болады» - деп айтады.
Нағашы немесе нағашы жұрт – туыстық атау болып
саналады. Нағашы жұрт – туған ананың əке-шешелерінен
бастап, барлық аталас ағайын-туыстары, яғни оларды «нағашы
апа», «нағашы жеңге», «нағашы қарындас», «нағашы іні»,
«нағашы аға», «нағашы əже» деп атайды.
Жиен
– қыздан туған бала. Нағашы ауылы үшін ең аса
қадірлісі. Ол нағашыларынан үш рет қалаған нəрсесін алуға
құқылы. Оған ұрсуға, сөзін кектеуге болмайды.
Бөле
– апалы-сіңілілі қыздардың балалары бір-біріне «бөле»
болады. Бір-бірімен өте тату болады.
ЖАЗЫЛЫМ.
2-тапсырма. Орфографиялық нормаларды сақтап, тыныс
белгілерді дұрыс пайдаланып, əркім өз нағашысы туралы
суреттеп жазады.
Үлгі:
Менің нағашыларым бар. Олар ауылда тұрады. Нағашы
атам мен əжем - зейнеткерлер. Нағашыларым - анашымның
туыстары. Менің анам үйінің тұңғышы. Оның бір бауыры, екі
сіңлісі бар. Мен нағашыларыма жиен боламын…
Назар аударыңыз!
ауыспалы 
келер 
шақтың 
көпше 
түрінің 
жасалу
жолдары:етістік +а/е/й +жіктік жалғауы+көптік жалғауы
1 Біз
етістік +а/е/й +жіктік
жалғауы -мыз, -міз
бар+а+мыз,
кел+е+міз,
ойна+й+мыз
2 Сендер етістік +а/е/й +жіктік
жалғауы сың,сің+лар/
лер,дар/дер, тар/тер
бар+а+сың+дар,
кел+е+сің+дер,
ойна+й+сың+дар
Сіздер етістік +а/е/й +жіктік
жалғауы -сыз,-сіз+ лар/
лер,дар/дер, тар/тер
бар+а+сыз+дар,
кел+е+сіз+дер,
ойна+й+сыз+дар
3 Олар
етістік +а/е/й +жіктік
жалғауы -ды,-ді
бар+а+ды, кел+е+ді,
ойна+й+ды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет