Қазақ тілі (А2 деңгейі) пəні бойынша Барлық бағыттардағы факультеттердің орыс бөлімдеріне арналған ОҚу бағдарламасы (syllabus) Курс


АЙТЫЛЫМ. Диалог, отбасын сипаттау. 4-тапсырма. Топтық жұмыс



Pdf көрінісі
бет24/83
Дата23.09.2022
өлшемі20,14 Mb.
#39939
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   83
АЙТЫЛЫМ. Диалог, отбасын сипаттау.
4-тапсырма. Топтық жұмыс:
І топ. «Бақытты отбасы» көрініс көрсету.
ІІ топ. «Отбасы қандай болу керек?» постер құру.
ІІІ топ. «Отбасы құндылықтары» кластер құру.
ІҮ топ. «Отбасы бақытты болу үшін не істеуге болады?» эссе
жазу.
Əдебиеттер: [7.1.2], [7.1.3], [7.2.4.], [7.2.3.9]
4-апта : УАҚЫТ МЕНЕДЖМЕНТІ
1-тақырып: Уақыт қымбат
Грамматика: етістік+у тырысады, етістік +уды ұнатады
құрылымы
Назар аударыңыз!
Етістік+у тырысады
Ол берілген тапсырманы уақытында
орындауға тырысады.
Етістік +уды/уді ұнатады Қанат бос уақытында кітап оқуды
ұнатады.
ОҚЫЛЫМ
1-тапсырма. Сұхбатты оқыңыз, тірек сөздерді анықтаңыз.
- Ануар сен уақыт туралы ойланып көрдің бе?
- Ойыма келмепті, өтеді де кетеді, қайырылмайды?
- Ануар, уақытты ұқыпты пайдалана білсек, бəріміз де
табысты болар едік, солай емес пе?
- Уақытымды үнемдеп, жаттығуға көбірек барғанымда
бокстан əлем чемпионы да болар ма ем, кім біледі. Əлі де кеш
емес. Бос уақытымды пайдалы жұмсауға тырысамын.Ал сен
үшін уақыт қымбат па?
- Уақыт бізге емес, біз уақытқа тəуелдіміз.Сондықтан
өміріміздегі ең қымбат нəрсе - ол уақыт.Мен уақытты саналы
сезінуге тырысамын.Үнемі маңызды жұмыстар үшін уақыт
табуға тырысамын.
- Иə, дұрыс айтасың. Уақытты зая кетіру - ең ауыр өкініш.
Уақытын қадірлемеген жан көптеген мүмкіндіктен айырылып
қалады.
АЙТЫЛЫМ
2-тапсырма. Сұхбаттағы тірек сөздерді пайдаланып, "Уақыт
қымбат" тақырыбында ой бөлісіңіз.
Бұрын. Бүгін. Ертең


Бұрын -----------------------------------------------------
Қазір -----------------------------------------------
Бүгінгі күні -------------------------------------------
Өткенде -----------------------------------------------
Былтыр ------------------------------------------------
Келешекте --------------------------------------------


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет