Қазақ тілі (А2 деңгейі) пəні бойынша Барлық бағыттардағы факультеттердің орыс бөлімдеріне арналған ОҚу бағдарламасы (syllabus) Курс



Pdf көрінісі
бет68/83
Дата23.09.2022
өлшемі20,14 Mb.
#39939
түріБағдарламасы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   83
ОҚЫЛЫМ
3-тапсырма. Мəтіннен негізгі, қосымша ақпаратты табу.
Мұхтар Əуезов атындағы академиялық қазақ драма
театры
Жақында біз М.Əуезов атындағы академиялық қазақ драма
театрына барып, осы театрдың тарихымен таныстық. Бұл
театрда өте дарынды актерлер, шебер режиссерлер жəне белгілі
драматургтер көп.Театрдың үлкен жəне кіші залы бар. Біз
театрдың билет кассасынан алдыңғы қатардағы орындарға билет
алып, қойылым көруге кірдік. Бүгін «Абылайдың ақырғы
күндері» атты қойылым екен.Үлкен залдың іші көрермендерге
толды. Барлық көрермендер қол шапалақтап, шымылдықты
ашқызды. Қойылымның режиссері Қазақстаннын өнеріне еңбегі
сіңген 
қайраткер 
М.Байсеркенов. 
Абылайхан 
рөлінде
Қазақстаннын халық əртісі Т. Жаманқұлов. Қойылым екі
бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімнен кейін үзіліске шықтық.
Қойылым аяқталған соң көрермендер сүйікті актерлеріне гүл
шоғын ұсынып, қол шапалақтады.
Алдағы уақытта Абай атындағы опера жəне балет театрына,
М.Ю.Лермонтов атындағы академиялық орыс драма театрына,
Мемлекеттік қуыршақ театрына, Ғ.Мүсірепов атындағы
жасөспірімдер 
мен 
балалар 
театрларына 
да 
баруды
жоспарладық. Театрға бару арқылы дүние танымың кеңейіп,
мəдениетің арта түседі.
ЖАЗЫЛЫМ.
4-тапсырма. 1.Топтық жұмыс. «Гарднердің зият типіне»
сəйкес жұптарға арналған сараланған тапсырмалар.
1-жұп. Вербалды-лингвистикалық зият:
1-студент. Тақырып бойынша кілтті сөздерді жазады.
2-студент. Олардың лексикалық мағынасын ашады. Мысалы:
актер – сахна шебері немесе маман.
2-жұп. Логика-математикалық зият:
1-студент. Өнерге байланысты мамандық атауларын жазады.
2-студент. Олармен кластер немесе акроөлең құрастырады.
Мысалы: биші – би, музыка, өнер, заманауи, ұлттық, т.б.
Акроөлең:
Б - белі мың бұралған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет