Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет139/363
Дата27.11.2022
өлшемі1,68 Mb.
#52964
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   363
Байланысты:
4 класс ҚМЖ (1) весь

Сабақтың тақырыбы

Ұлттық аспаптар. (2-тоқсан, 3-тарау), 45-сабақ

Дағды

Оқылым, жазылым

Оқыту мақсаттары

4.3.4.1 Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс- әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру
4.4.1.1 Шағын сюжетті комикс/буклет/коллаж/жарнама/ презентацияны
сөйлемдермен толықтыру

Лексикалық минимум

Жетіген, қобыз, сыбызғы, асатаяқ, аспап

Алдыңғы білім

Айтыс өнері

Пәнаралық байланыс

Музыка

Сабақтың барысы

С.кезеңі



Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурста ры

Кіріспе

Мұғалім аспаптар оркестрінің орындаған бір күйін 3-4 минут тыңдатқаннан соң, «Ой шақыру» стратегиясы бойынша оқушыларға сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты ашады.
Оқушыларға келесі сұрақтар қойылады:
Бұл күйді немен орындайды? Оқушылардың ықтимал жауаптары: Аспаптармен орындайды.
Қандай музыкалық аспаптарды білесің? Музакалық аспаптар үйірмесіне қатысасың ба? Саған қандай аспапта ойнаған ұнайды?
«Жаңа сөз үйренейік» айдары оқушыларды сабаққа қатысты жаңа сөздерді
меңгерту мақсатында жүргізіледі. Оқушыларға бірнеше жаңа сөздерге қатысты
суреттер көрсетіледі. «Суретті сөздік» арқылы оқушылар жаңа сөздерді меңгеріп, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады. «Бұл не?» әдісі арқылы меңгерту.
Мұғалім жаңа сөзді немесе сөз тіркесін айтады, оқушылар сұрақтар қою арқылы анықтайды.

5-7 мин

Мұғалім-сынып

Суреттер Оқулық

Негізгі бөлім

«Көрсетейік және айтайық» айдарында оқушыларға ұлттық аспаптардың суреттері беріледі. Суреттердің тұсына оның қандай аспап екенін жазады және неден жасалғанын айтады. Оқушылар қазақ халқының ұлттық аспаптары туралы, оның ішінде дауылпаз, сазсырнай, асатаяқ, қобыз, домбыра, жетіген туралы айтады. Әр аспаптың ерекшелігін, олардан қандай үн шығатынын түсінеді. Осымен байланысты лексикалық тіркестерді меңгереді. Мұғалім оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын ояту үшін мүмкіндік болып жатса, осы аталған аспаптардың барлығын көрсетуге дайындайды немесе интербелсенді тақтадан суреттерін көрсетеді. Мынау – дауылпаз. Мынау – асатаяқ. Ал мынау – қобыз деп көрсетеді. Ал дауылпаз туралы алдыңғы сабақта өткендерін еске түсіртіп, оқушыларға келесі сұрақты қояды.
Дауылпазды неден жасайды? Дауылпазды ағаштан жасайды.
Үлгі: Мынау – дауылпаз. Бұл ағаштан және теріден жасалған. Оның бауы бар, таяғы бар.
Берілген тірек сөздерді пайдаланып, сурет бойынша мәтін құрастырып жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет