Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет140/363
Дата27.11.2022
өлшемі1,68 Mb.
#52964
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   363
Байланысты:
4 класс ҚМЖ (1) весь

Тірек сөздер: домбыра, қобыз, сазсырнай, тартамын, ойнаймын, екі ішекті,
аспап, ағаш, тері

5-7 мин

жұптық жұмыс

Суреттер Оқулық

«Сөйлесейік» айдарымен ұсынылған тапсырманы «Бірге ойлаймыз» стратегиясы арқылы оқушылар тақырып бойынша меңгерген сөздерді пайдаланып, сурет бойынша сөйлемдер құрастырады.
Әр оқушының қабілетін ескере отырып, 4 адамнан тұратын топқа бөлу, әр оқушыға 1-ден 4-ке дейін нөмір беру. Одан кейін оқушыларға топта талқылау үшін оқулықтағы суреттерді ұсыну. Берілген уақыт аяқталғаннан кейін, олар өз жауаптарын жазады және сыныппен бөліседі. Сөйлемдерді құрастыру үшін мұғалім сұрақтар қою арқылы оқушыларды жетелеп отырады.
Мысалы:

  1. Суреттен кімдерді көріп тұрсың?

  2. Балалардың қолында не бар?

Осы сияқты сұрақтарға оқушылардың берген жауаптары сөйлем немесе шағын әңгімеге айналады. Әр суретке жеке тоқтап талқылайды. Әр топ өз нәтижелерін көрсетеді, басқа топтар «Екі жұлдыз – бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.
Осы тапсырма барысында мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру мақсаты жүзеге асырылады.
«Сөйлесейік» айдарында сурет бойынша диалог ұйымдастырылады.

5 мин







«Оқиық» айдарында ұсынылған күнделік бетіндегі мәтінді «Бірлесіп оқу»
әдісімен оқиды. Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты табады.
«Оқиық және жауап берейік» айдарымен берілген 4-тапсырмада мәтін бойынша сұрақ құрастырады.
Үлгі: Әсет бүгін қайда барды?
Осы тапсырмаларды орындау барысында 4.3.4.1 мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру оқу
мақсаттары оқушыларға игертіледі.

8 мин











Оқулықта берілген келесі тапсырма «Ойланайық» айдарымен берілген. Бұл кезеңде оқушыларды мұғалім жазылым тапсырмасын оңай орындауға дайындайды. Күнделік туралы кеңінен мәлімет береді. Түрлі күнделік үлгілерін көрсетуіне де болады. Сынып оқушыларына берілетін күнделік
түрлерін саралау тапсырмасы ретінде пайдаланып, ұсынуға да болады.

5 мин










«Жазайық» айдарымен берілген тапсырмада мәтіннен етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде қолданады. Осы тапсырманы орындау барысында 4.4.1.1. шағын сюжетті комикс/буклет/коллаж/жарнама/
презентацияны сөйлемдермен толықтыру оқу мақсаты жүзеге асады.

8 мин









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет