4.2.4.1 Жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау
4.5.1.1 Мұғалімнің қолдауымен шылауларды, көмекші сөздерді ажырату, ауызша/жазбаша тілде қолдану
Лексикалық минимум
Биыл, түске дейін, боран, еру, жиі, ұзақ, үнемі, кемпірқосақ
Алдыңғы білім
Жайсыз күн
Сабақтың барысы
С.кезеңі
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
уақыты
Қар.қат
Оқыту ресурстары
Кіріспе
Мұғалім жаңа сабаққа кіріспе ретінде оқушыларды жаңа сөздермен таныстырады. Оқушылардың сөздік қорын байыту үшін жаңа сөздерді сурет арқылы меңгертеді. Мұғалім оқушылар сөздік қорындағы сөздердің мағыналарын жете білген жағдайда ғана оны дұрыс қолдана алатынын ескереді. Үйренген сөздерін қолдануға мүмкіндік жасайды, яғни әрбір оқушыны сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше, жаңа сөздерді көбірек қолдануға дағдыландырады, жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйретеді. Сонымен қатар жаңа сөздің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз етеді. Оқушылар сөздерді бірнеше рет қайталайды, сөз тіркесін құрастырады, сөйлем құрайды. Оқушылардың сөздерді қаншалықты меңгергенін тексеру үшін мұғалім жазуды алып тастап, суреттерді араластырып қояды. Оқушыларға суреттерді көрсеткенде, оқушы сурет арқылы қандай жаңа сөзге қатысты екенін айтады (биыл, түске дейін, боран, еру, жиі, ұзақ, үнемі, кемпірқосақ). Мұғалім «биыл» сөзін меңгертуге ерекше назар аударады. Оқушының өзінің былтыр 3-ші, ал биыл 4-сынып оқушысы болғандығын түсіндіріп айтады.
5 мин
Мұғалім-сынып
Жаңа сөздерді меңгертуге
байланысты әртүрлі суреттер
Негізгі бөлім
«Салыстырайық» тапсырмасын орындауда оқушылар екі түрлі мәтінді оқып танысады. Мәтінді әр топ өз бетінше оқиды. Екі мәтінді салыстырады. Мұғалім оқушыларға мәтін бойынша сұрақтар қояды.
«Зымыран сұрақтар» әдісі бойынша жүргізіледі.
Ерік қайда тұрады?
Ақтөбеде ауа райы қандай?
Ақтөбеде аспан үнемі қандай болады?
Ақтөбеде қар қалай жауады?
Синоптиктер не дейді?
Айнұр қайда тұрады?
Түркістанда ауа райы қалай?
Түркістанда қар қалай жауады?
Синоптиктердің айтуынша, оңтүстіктің қысы қандай болады?
Екі мәтінде қандай өзгерістер бар?
Бұл тапсырма аясында белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу
оқу мақсаты жүзеге асады.