4.2.3.1 Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс
ырғағын келтіріп сөйлеу
4.3.3.1 Мәтіннің жанрын( мақал-мәтел, бата, аңыз, мысал, өсиет әңгімелер), жанрлық ерекшеліктерін және көмекші сөздердің қолдауымен пайымдау мәтінін анықтау
Мұғалім осы сабақ басталмас бұрын тақтаға қалдық заттардың суреттерін толтыра іледі. Сабақ басталысымен оқушыларға ол заттардың не екенін айтып беруді тапсырады. Оқушылар үшін бұл қызықты болады әрі өздері білетін сөздерді қолданып, санада жаңғыртады. Барлық суреттегі заттардың атауын анықтап болғаннан кейін «қалдық» сөзінің мағынасы түсіндіріледі. Одан әрі оқушылардың оқулыққа назары аударылып,
айтылым тапсырмасы осы тапсырманың логикалық жалғасына айналады.
2 мин
Мұғалім-сынып
Тақта, суреттер
«Сөйлесейік» айдарында оқушыларға жұптық тапсырма беріліп, сұрақтарды көршісімен талқылау ұсынылады. Берілген сұрақтар бойынша оқушылар «Қалдық», «Табиғи қалдық», «Өндірістік қалдық»деген ұғымдармен танысады. Осы орайда оқушыларды сабақтың басында қолданған суреттерге қайта қаратып, олардың ішінде «табиғи қалдық» немесе «өндірістік қалдық» болатындарын жіктетіп, пысықтауға болады.