4.1.3.1 Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру\ сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау\кесте толтыру\кластер құрастыру\болжау
4.3.1.1 Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу
Лексикалық минимум
Зымыран, серік, сынақ, кеңістік
Алдыңғы білім
Ғарышкер болғым келеді
Пәнаралық байланыс
Дүниетану
Сабақтың барысы
С.кезеңі
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
уақыты
Қар.қат
Оқыту ресурс- тары
Кіріспе
Алғашқы тапсырма «Сөйлесейік»деп аталады. Бұл сабаққа кіріспе болып саналады. Осы тапсырманы орындауға Бақыт деген бала жетекшілік етеді. Байқоңырға Бақытпен бірге саяхаттап, тапсырма бойынша оқушылар жұп болып жұмыстанып, көкейлеріне келген сұрақтармен бөліседі және «Байқоңыр» туралы жауап ала алады. Бұл жерде оқушылар дәптерлеріне 2 сұрақтан жаза отырып жұптасады. Сабақта басты назар оқушылардың сөйлемдердегі сөздердің орын тәртібін келтіре алулары басшылыққа алынады. Мұғалім оқушылардың құрастырған сұрақтарын тақтаға тізіп жазып, алдағы уақытта осы сұрақтардың жауабын біле алатындықтарын айтады. Бұл жаңа сабақ
алдындағы ойды жинақтап, сабаққа біртіндеп кірісу болмақ.
5 мин
Мұғалім-сынып
Оқулық
Оқушылар келесі кезекте оқулықтың «Жаңа сөз үйренейік»айдарына оқушылардың көңілін аударып, берілген жаңа сөздерді меңгертеді. Ол үшін алдымен мұғалім әрбір жаңа сөздерді жеке-жеке қайталатып, әрқайсысының мағынасына тоқталады. Оқушылар қайталай айтып әр сөзді дыбыстап әрі көзбен көру, есту арқылы дағдыланған соң ғана, тақтаға жазу арқылы да қайталап айтып
жаттығады. Мұндай жұмыс барлық сыныптың сөздерді тез жаттап алуына мүмкіндік береді.