«Жаттығайық» айдарында мұғалім оқушылардың жеке жұмыстануына мүмкіндік беріп, айтылым дағдысы арқылы жаңа сөздерді санада бекітуге жұмылдырады. Бұнда жаңа сөздерді қай сөз екенін мағынасына қарай ажырата ала білу тапсырмалары жүзеге асырылады. Жасырылған жұмбақ жауаптары арқылы нақты білімдерін бекітеді. Оқушылар қойылған сұрақтарға толық жауап береді және сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып орынды, сауатты жауап беруге машықтанады. Толық сөйлем құрап үйренеді. Бұл тұста
4.5.1.5 сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлем құрастыру оқу мақсаты қосымша және жанама жүзеге асады. Тапсырманы сәл күрделендіру мақсатымен оқушыладың өздеріне жұмбақтап сөз жасыру ойынын ойнатуға болады.
5 мин
Жеке
Айтылым дағдысы.
Түрлі
жағдаят- тарда қарым- қатынасқа түсу. (Диалог)
«Тыңдайық» айдарында оқушылар мәтінді тыңдайды және мәтін не туралы екенін баяндайды. Және сыныпты түгел қамту, қайталау мақсатында мәтінде кездесетін өздеріне бұрыннан таныс сөздерді теріп жазу, сол сөздерге сөйлем құрау немесе сан есімдермен жұмыс жасап, деңгейлік тапсырмалар жасап жіберуге де болады. 4.1.1.1 анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру оқу мақсаты орындалады.
Бұл тыңдалым тапсырмасын орындату барысында мұғалім тақтадағы сұрақтар тізіміне де назар аударып, қандай сұрақтың жауабын таба алатындықтарын болжауына немесе нақты айтуына мүмкіндік туғызады.
Тыңдалым мәтіні Тыңда және жауап бер. Балалар өскенде кім болуды армандайды? Анықта.
Бақыт: Қуаныш, Айсана, сендер өскенде кім болғыларың келеді? Айсана: Мен өскенде ғарышкер болғым келеді. Алыс-жақын елдерді өзімнің ұшағыммен аралағым келеді. Қуаныш: Ал мен астроном болғым келеді. Жұлдыздар әлемін терең білгім келеді. Бақыт: Иә, армандарың орындалсын. Мен өскенде ғарышкер болғым келеді. Үнемі түсімде ғарыш айлағынан кемемен ғарышқа ұшып бара жатамын.
7 мин
Мұғалім-сынып
Оқулық- тағы
тыңдалым және
жазылым үлгісі
«Тыңдайық және жауап берейік» айдары бойынша оқушылар қайтадан мәтінді тыңдайды. Стикер арқылы мәтін бойынша жазылған ақпараттың дұрыс-бұрысын анықтайды. Мұнда оқушылар сөйлемді толық құрып алған білімдерін тағы бір мәрте нақтылайды. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін шатастырмай қолдана алу деңгейіне жетеді. Және осы берілген тапсырмаға ұқсас мәтін бойынша өздеріңіз жеке- жеке қандай ақпараттың дұрыс-бұрыс екенін анықтайтын тапсырмалар құрар едіңдер деген қарсы тапсырмамен қосымша жұмыстануға да болады. Ал жеңіл тапсырма ретінде айтылуы мен жазылуы қиын сөздер Байқоңыр, сынақсөздерін жаз немесе сөйлем құра деуге де болады. Тапсырмаларды түрлендіру (грамматикаға негіздеп) әр ұстаздың еркінде. Осы орайда тапсырма 4.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру\ сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау\кесте
толтыру\кластер құрастыру\болжау оқу мақсатын жүзеге асыруға оңтайлы болып келеді.
3 мин
Мұғалім-сынып
Тақтада- ғы не стикерде- гі ақпарат- тың мәтін бойынша дұрыс-
бұрысын табады, түсінігін дәлел-
дейді.
«Оқиық» айдарымен берілген тапсырманы алдымен мұғалім өзі мәнерлеп оқиды, оқушыларды жетелей отырып өлең мазмұнына тоқталады. Оқушылар алдыңғы сабақтардан алған білімдерін пайдалана отырып өлең жанрының өзгелерден несімен ерекшеленетінін анықтайды. Осы ретте оқушылар өлеңнің жанрына көңіл аударады. Оның өзге жанрлардан қаншалықты өзгешелігі барын ұғынады. 4.3.1.1 оқу мақсатыорындалады.
5 мин
Жеке ж. Жұпт. ж.
Сынып
Рөлдік ойын
«Талдайық» айдарымен берілген тапсырма бойынша мұғалім өлең құрылымына, өлең жолдары мен шумақтарына, авторына тоқталып кетеді. Оқушылар алдымен өлеңді жеке оқиды, оны көршісімен кезектесе оқиды. Өлеңнің мазмұнын толық түсінгеннен кейін мұғалім оқушылардың назарын оның құрылымына аударады. Өлеңнің қанша жолдан тұратынын сұрау арқылы оның көп жағдайда төрт жолдан болатыны туралы түсінік беріледі (кей жағдайда 6 немесе 5 жолды өлеңдер болатынын үстірт айтып өтеді). Одан әрі мұғалім өлең жолдарының ұйқасқа құрылатыны туралы ақпарат беріп, көз жеткізу үшін бірлескен талдау жұмысын жүргізеді. Бұл тапсырма міндетті түрде мұғалімнің қолдауымен орындалады. Сыныптың дені аса қабілетті оқушылар болса ғана әр жолдағы буын санының ырғақ пен ұйқасқа әсері болатынын да айтып өтуге болады. (Осы тұста оқушылар жоғарғы сыныпта оқитын кезек ұйқас, шалыс ұйқас ұғымдарының бастапқы іргетасы қаланады). Осы тапсырманы орындату барысында мұғалім 4.3.1.1 оқу мақсатын оқушыларға игертеді.