4.3.5.1 *Қажетті ақпараттарды табу үшін түрлі дереккөздерді (сөздік, инфографика, энциклопедия, ғаламтор) қолдана білу
4.5.1.2 Көптік, тәуелдік\септік\жіктік жалғаулы сөздерді ауызш\жазбаша тілде қолдану
Алдымен ғарыш кемесінің суретінен мозаика ретінде бірнеше
бөліктерін ұсыну, көрсету арқылы оқушылардың қызығушылығын оята сабақты ұйымдастырып, сабақ тақырыбына ойысуды мұғалім жүзеге асырады. Бұл тақырыпты тапқанға дейінгі сабаққа кіріспе болып саналады.
3 мин
Мұғалім- сынып
Тақта
Оқушылар келесі кезекте «Ойланайық»айдарында бүгінгі тақырып «Ғарыш кемесі» деп бастап, оқушылардың осыған дейінгі ғарышқа байланысты алған білімдерін естеріне түсіріп, бағамдайды, пысықтайды, дамытады және оқушылардың айтылым дағдысын қалыптастырады, алдағы оқылымға жетелейді. Тапсырманы қосымша дамыту мұғалім құзырында. Онда әртүрлі кесте, қима, сурет т.б. түрлендіре алады. Кейін оқушылар Бақыттың сұрағына жауап беріп талқылайды және осы ойларының «дұрыс» не «бұрыс» екеніне көз
жеткізу үшін мәтінмен танысады.