4.2.3.1 Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу
4.2.1.1 Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану
4.3.1.1 *Мәтінді іштей түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқу
Грамматика
Әуе, құпия, жымыңдаужаңа сөздерімен танысып, сәйкесінше,
сұрақтарына жауап бере білуге үйрету. Сөз тіркесін қолдану.
Лексикалық минимум
Әуе, құпия, жымыңдау, батыл
Алдыңғы білім
Батыр ғарышкер
Пәнаралық байланыс
дүниетану
Сабақтың барысы
С.кезеңі
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
уақыты
Қар.қат
Оқыту ресурс- тары
Кіріспе
«Бұл кім?» ойыны арқылы Айсананы сырттай мұғалім сипаттай бастайды. Оның портреті көрсетілмейді. Сипаттама арқылы оның Айсана екенін таптырып, бүгінгі сабақты Айсанамен бірге бастайтындарын ескертеді. Оның бүгін алғаш сапарға шығу сәті. Оған қолдау көрсетіп, ұзақ жолына серік болып, жұмбақтарына жауап беріп, жолын қысқартайық. Жолда Айсанаға жолсерік болуға дайынбыз ба? Ендеше Айсананың жұмбақтарына кезек берейік. Жұмбақты кейіпкердің өзі айтқандай етіп диктофоннан тыңдатса да болады. Ал жұмбақты осы тақырыпқа орай өздеріңіз тауып, тиісінше бере аласыздар. Тыңдалымға кірісу алдындағы оқушылардың қызығушылығын оятып, жұмбақтың шешуі бүгінгі тыңдайтын мәтінге қатысын баса айтып кетеміз.
Мысалы: көк сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды (аспан мен жұлдыз).
2 мин
Мұғалім-сынып
Аудио- тыңда- лым
Келесі «Оқиық» айдарында оқушылардың мәнерлеп оқуы мен қатар түсініп оқуына мән беріледі. Қарамен ерекшеленген сөздер мен тіркестерінің мағынасын түсінгендерін тексеріп, оқушы ойлары бағамдалады. Өлең мазмұнына сәйкес оқушылардың да өз армандарын сұрап не себепті таңдау жасағандарын және автор ойы туралы түсіндірулеріне мүмкіндік берген дұрыс. Ұшқыш болудың ерекшелігі
неде деп ойлантып, сұрақ-жауап өткізуге болады.
3 мин
Топтық жұмыс
Ойталқы
Негізгі бөлім
Келесі «Ізденейік» айдарында өлеңдегі қарамен жазылған сөздердің берілген сөздердің қайсысымен мәндес болуы мүмкін екенін ажырата білуге оқушыларды жұмылдырамыз. Сөздердің мағынасын ашып мәндесін сәйкестендіреді, айтып түсіндіреді. 4.2.1.1 мақсаттары жүзеге асырылады. Бұл тұста «Сөзді тап»ойыны арқылы жаңа сөздерді қайталатуға да болады. Мыс: Тікұшақ ... қалықтап барады. (Әуеде) Аспанда жұлдыздар ... . (Жымыңдайды) Жұлдыздар бізге ... әлемдей.
(Құпия)
5 мин
Жеке
Сөздік- термен жұмыс
Келесі «Ойланайық»айдарында берілген сөздер топтамасын қай үй маңдайшасына сәйкес орналасқаны дұрыс екенін табу арқылы тағы бір мәрте оқушылардың сөз мағыналарын ажырата білу дағдысын нақтылай, бекіте түседі.
5 мин
Мұғалім
- сынып
Оқулық
«Жаттығайық» айдарында мағынасына сай тіркесті дәл қоя білуге машықтандыру көзделеді. Өйткені қазақ тілінде мәндес, мағыналас сөздер қоры көп болғанымен сөз қолданыста әрқайсысының өзіндік қолданыс орны болатынын баса ескерткен дұрыс.
3 мин
Мұғалім
-сынып
Оқулық
«Есте сақтайық!» айдарында алдыңғы айдардағы тіркес құрау әрекеттерін санада бекіту және тұрақтандыруға бағытталған тапсырма болып белгіленген. Бұл тұста дұрыс-бұрысын анықтатады.