Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет303/363
Дата27.11.2022
өлшемі1,68 Mb.
#52964
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   363
Байланысты:
4 класс ҚМЖ (1) весь

Сабақтың тақырыбы

Айдын Айымбетов. (4-тоқсан, 7-тарау)
111-сабақ

Дағды

Оқылым және айтылым

Оқыту мақсаттары

4.3.1.1 *Мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқу
4.5.1.2 *Көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

Лексикалық минимум

Шөп шабу, жарқырау

Алдыңғы білім

Т.Мұсабаев

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурс- тары

Кіріспе

Алдымен сабаққа кіріспес бұрын тақтаға екі парақшаға «кіммен?»,
«немен?» сұрақтарын үлкейтіп жазып, бүгін осы сұрақтармен жұмыстанатынын мұғалім оқушыларға хабарлайды. Осы сұрақтар арқылы тағы бір ел мақтанышы ғарышкер ағамызбен таныспақпышымыз. Ендеше кіммен танысатын болдық, балалар?
Сыныптың бәрі: ғарышкермен
Ол ғарышқа немен ұшады? Сынып: ғарыш кемесімен

2 мин

Мұғалім-сынып

Тақтада
«кім-


мен?»
«не-
мен?» сұрақта- ры
жазыл- ған




Мұғалім оқулықта ұсынылған «Тыңдайық» айдары арқылы Айдын Айымбетов туралы мәліметтерді пайдаланып сөйлесуге оқушыларды жетелейді. Оқушылар үшін қиын болған тұстарда өзі қолдау көрсетіп, көмектеседі.
Сызба бойынша балалар сөйлем құрайды. Айдын Айымбетов туралы мәліметтермен танысады. Бұл өткен сабақ пен жаңа сабақты ұштастыру болмақ. Осы тұста оқушылардың айтылым дағдысын дамыта түсу үшін және өткен сабақтармен байланыс орнату мақсатымен бұған дейін таныс болған ғарышкерлер туралы сұрауға болады. Не болмаса осыған дейінгі сабақтарда жете танысқан Қазақстандық ұшқыштар туралы мәлімет жазылған кестелерді салыстырып сөйлеу тапсырмасын беруге болады. Мәселен:
Ғарышкерлердің ішінде кімнің жасы үлкен?
Ғарышкерлердің қайсысы ғарышқа тұңғыш Қазақстандық болып ұшты? Әр ғарышкердің жасаған ерліктері туралы не айта аласыңдар?
Олардың туған жерлері қай аймақ (не қала)? т.б.

7 мин

Топтық жұмыс

Тірек сөздер жасау

Негізгі бөлім

«Ойланайық» айдары суретке қарап болжау арқылы жүзеге асырады. Мәтінмен таныспас бұрын сурет арқылы мәтінді сипаттап, баяндап, пікір білдіріп болжайды, сөйлем құрады. Әке мен бала арасында әңгіме не туралы өрбуі мүмкін деген сұрақ төңірегінде болжам жасайды. Әр оқушы өз ойларын, болжамдарын білдірген соң, Сол мәтін нақты сіздерді қызықтыра ма? Не туралы екенін білгілерің келе ме? деген сұрақтар
қою арқылы мұғалім оқушыларды мәтінді оқуға алып келеді.

5 мин

Жеке

Сурет- ке қарап болжау



«Оқиық» айдары 4.3.1.1 мәтінді іштей түсініп және қажетті ақпаратты тауып\шолып \белгі қойып оқу мақсаттарын жүзеге асырады. Мәтін ішінде кездескен жаңа сөздерге мән беріп, олардың мағынасы мұғалім тарапынан түсіндіріледі, сөз тіркестерін мысалға келтіру арқылы жаңа сөздің қолдану
орнын танытады.

5 мин

Мұғалім- сынып

Жаңа сөздер- мен
жұмыс

«Оқиық және жауап берейік» айдарында мәтін бойынша жұптасып сұрақтарды бірі оқып, бірі жауап береді. Сынып түгел жұмыстанып айтылым дағдысын басшылыққа алады. Сөз тіркесі мен сөйлемнің дұрыс құрылып, қолданылуына баса назар аударады. Осы тұста оқшылардың айтылым дағдысымен қатар грамматикалық білім деңгейі тереңдей түседі.
4.5.1.2 сынды оқу мақсаттары мен оқылым мақсаттары ұштасып, астаса жүзеге асады.

3 мин

Мұғалім-сынып




«Көрсетейік және айтайық» айдарында бүгінгі кіммен?немен? сұрақтарымен жұмыс жүргізу үшін сызба пайдаланылады. Бұнда берілген үлгіден бөлек Айдын Айымбетов туралы мәлімет беретіндей фотосуреттерді де қосалқы пайдалануға болады.

5 мин

Жеке ж. Жұпт.
ж.

Айдын Айымбе товтің суреті

«Сөйлесейік» айдарында сөздерге қоса суреттерді сөйлету арқылы сөйлем құрап, сұрақтарды қайталап, екінші жағынан мәтін мазмұнын оқушы жадында тұрақтандыру көзделеді. Сонымен қатар мәтінде кездескен сан есімдерді де қайталап өте алады. «Қатесін тап» ойыны арқылы қате жауап берген оқушылар болса, соны оқушылардың өздерінің түзетуіне
мүмкіндіктер беру қарастырылады.

7 мин

жұптық Жұпт.ж.
Сынып







«Оқиық және жауап берейік» айдарында оұушылар тапсырманы оқып сұрақтарға жауап береді.










Қор.

Қорытындыда ауызша жауап берген шығу парағын жазбаша жазып беру арқылы сабақты қорытады.

3 мин

Сынып- мұғалім

Шығу парағы

Қосымша ақпарат

Бағалау критерийлері

  1. Мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқу

  2. Көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді

ауызша/жазбаша тілде қолдану

Дескриптор

  • Мәтіннен нақты ақпаратты таба алады.

  • Қосымшаларды сөздерге дұрыс жалғайды.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет