«Ғарыш тақырыбына қатысты сөздерді жаза аламын» «Бүгінгі сабақ Бақыт атты көмекші баламен бірге өтпек. Оның тапсырмаларын орындауға дайынбыз ба?» – деп мұғалім оқушылардың қызығушылығын оятады. Бұл қайталау сабақ болғандықтан, өткен сабақтардағы ғарыш тақырыбына байланысты жаңа сөздерді оқушылардың айта алатынына, жаза алатынына, сөйлемде орынды пайдалана алатындарына көз жеткізіледі. «Сурет бойынша сөйле»– сурет бойынша әріпті жалғастырып жазу қарастырылады. Онда әріптерді (қиынды түрінде де пайдалануға болады) дұрыс орналастыру арқылы сөздерді дұрыс табу керек болады. Яғни, есіне сақтау арқылы жазылым дағдысын ұштайды.
2 мин
Мұғалім-сынып
Бақыт- пен
бірге
«Үйренген жаңа сөздерді қолдана аламын» тапсырмасын орындауда оқушылар сәйкес сөзді анықтап, сұрақтарға жауап береді.
Келесі тапсырмада Бақыттың сөзжұмбағы ұсынылады. «Сөзжұмбақ»айдарында сөзжұмбақты шешу арқылы жаңа сөздермен танысып, мағынасын таниды, сөйлемде қолданысына жете мән береді. «Қайда? Не? Немен? Кіммен?» сұрақтарына сәйкесінше жауап бере білуге үйрету мақсат
етіледі.