«Оқы және жауап берейік» тапсырмасы бойынша мәтіндегі үй туралы қандай ақпарат саған айрықша ұнады? Мәтіннің ұнаған тұсын оқып бер – деген сұрақтарға оқушыларды тарту арқылы неліктен мәтін ақылды үй аталғанын мұғалім түсіндіріп кетеді. Себебі:
Үлгі: Әр қабаттағы балкон үлкен алаңға ұқсас. Бұған ашық алаңқайға ұшатын көліктер келіп қонады. Бұнда әр тұс ескерілген. Сондықтан ақылды үй деп аталады. Мұғалім оқушылардан материалды түсінгенін немесе түсінбегенін (мұғалім қандай да болмасын ұғым, ұстаным, үдеріс туралы түсіндіру барысында және т.б.) білдіретін белгіні көрсетуін сұрайды.
Мұғалім оқушылармен бұл белгілерді қолдану туралы алдын ала келісіп алуы тиіс:
Ментүсінемінжәне түсіндіре аламын (қолдың үлкен саусағы жоғарыбағытталған)
Мен әлі детүсінбейотырмын(қолдың үлкенсаусағы
жанға қарайбағытталған)
Менсенімдіемеспін(қолды бұлғау)
Мұғалім белгілерге қарап, әр топтың оқушыларынан сұрайды. Алынған жауаптардың қорытындысы бойынша мұғалім тақырыпты қайталап оқыту, бекіту немесе бағдарлама бойынша материалды қайта оқытуды жалғастыру туралы шешім қабылдайды.
Мұғалім оқушыларды «Жарайсың!», «Бәрекелді!», «Өте жақсы!»,
«Жақсы!» деген мадақтау сөздерімен бағалап отырады.
5 мин
Мұғалім-сынып
Оқулық
Келесі «Ойланайық»тапсырмасында манағы мәтіндегі сары түспен ерекшеленген сөздермен берілген сөйлемдерді сәйкестендіру көзделеді. Мұнда жаңа сөздердің қолданыстағы орнын оқушылардың анықтай алуы ескерілген.
3 мин
Мұғалім- сынып
Келесі «Сен білесің бе?»тапсырмасында оқушылардың бүгінгі алған білімдеріне осы айдармен қосымша тың мәліметтер бере отырып, оқушылардың білім қорын молайту жүзеге асады. Бұнда ақылды үй қазірдің өзінде елімізде бар екені және олар төтенше жағдайлардың алдын алуға қауқарлы екенін мұғалім баса түсіндіріп кетеді.