Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет360/363
Дата27.11.2022
өлшемі1,68 Mb.
#52964
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   363
Байланысты:
4 класс ҚМЖ (1) весь

Сабақтың тақырыбы

Айға сапар. (4-тоқсан, 8-тарау). 134-сабақ

Дағды

Оқылым мен жазылым

Оқыту мақсаттары

4.3.5.1 Қажетті ақпараттарды табу үшін түрлі дереккөздерді (сөздіктер, инфографикалар, энциклопедиялар, ғаламтор) қолдана білу
4.4.4.1 Каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын
сақтап, бір сызықта көркем жазу

Лексикалық минимум

Өтірік өлең, түс және Кім? Не? сұрақтары

Алдыңғы білім

Өнертапқыш бала

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурс- тары

Кіріспе

«Балалар, бүгінгі сабақ шығармашылық сабақ болмақ. Шығармашылық сабақта аты айтып тұрғандай өлең шығаруға тырысамыз» - деп мұғалім бүгінгі сабақты да оқушыларды
қызықтырудан бастайды.

2 мин

Мұғалім- сынып




«Сөйлесейік» айдарында мұғалім оқушыларға ой тастайды.

  • Ал, балалар, ай туралы қандай аңыз, ертегілер білесіңдер?

  • Балалар, қалай ойлайсыңдар, айда тіршілік бола ма екен?

... Оқушылар өз болжамдарын жасайды және болжау стратегиясына сүйене жұмыс жүргізіледі. Мұнда оқушылар осы сұрақты жұпта, кейін топта талқылап болжайды.

3 мин

Топтық жұмыс

Айтылым

Негізгі бөлім

Келесі «Оқиық» айдарында оқушыларға өлеңді түсініп оқу жүктеледі. Мұнда оқушылар әдеттегідей кейіпкерлердің бірі – Алматтың суретіне қарап, бұлт сөздері арқылы оның түс көргені және түсінде өтірік өлең шығарғаны туралы мәліметпен таныс болады. Мұғалім:
- Балалар, сендер түстеріңде өтірік өлең шығарып көрдіңдер ме?
-Иә, тіпті өңдеріңде де өлең шығарып көрмедіңдер.

  • Кейіпкеріміздің өтірік өлеңі ұнады ма сендерге?

  • Иә.

-Алмат өтірік өлеңіне сурет те салған екен. Кәне, оны да тамашалап көрейік.

5 мин

Жеке

Оқулық

Келесі «Көрсетейік және айтайық» айдарында оқушылар Азаматтың өтірік өлеңі мен суретінің мазмұн сәйкестігін салыстырады. Тексереді. 4.3.5.1 мақсаттарын басшылыққа алады. Осы тұста тағы бір кейіпкеріміз Сұңғат қосылып, оқушыларға өзінің керемет ойын жеткізеді. Оны оқушылар оның суреттегі бұлт сөзінен танысып біледі. Ол: –Балалар, мен сендерді айға апара аламын. Кеңістікке сапар жасайтын құрылғы ойлап таптым. Жүріңдер, қыдырып қайтайық. Тек бір шартым бар. Осы сапар туралы өлең шығарасыңдар.
Балалар мұғалімнің көмегімен ойлана келе бір шешімге келеді. Сұңғат талаптарына келіседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет