4.3.1.1 Мәтінді іштей түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқу
4.4.4.1 Каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын
сақтап, бір сызықта көркем жазу
Лексикалық минимум
Міндет, міндетті түрде
Алдыңғы білім
Үлгілі оқушы
Пәнаралық байланыс
Өзін-өзі тану
Сабақтың барысы
С.кезең
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
уақыты
Қар.қат
Оқыту ресурстары
Кіріспе
Мұғалім жаңа сабаққа кіріспе ретінде оқушыларға «Миға шабуыл» әдісі бойынша жетелеу сұрақтарын қояды.
«Сөйлесейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар сқрақтарды көршілерімен талқылайды.
Үйде атқаратын міндеттерің бар ма?
Үйде не істейсің?
Анаңа қалай көмектесесің?
Сендер аналарыңа қалай көмектесесіңдер?
Тапсырма оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға негізделген. Оқушылар өз жауаптарын айтады. Мұғалім оқушыларды тыңдайды.
3 мин
Мұғалім-сынып
Негізгі бөлім
Мұғалім оқулықтағы хатты оқытпас бұрын интерактивті тақтадан хатқалталарды көрсетеді. Оқушыларға сұрақ қояды.
Бұл не?
Хатты кім жазады? Хатқа не жазады?
Қазіргі уақытта хаттар қалай жазылады?
Мұғалім сабақты шынайы өмірмен байланыстырады. Қазіргі уақытта хаттардың электронды түрде жазылатынын түсіндіреді. Хат жазу үшін де адам сауатты, білімді болу керектігін оқушыларға
айтады.
5 мин
Жеке жұмыс
Хатқалта
Мұғалім «Оқиық» айдарындағы тапсырманы орындау үшін оқушылардың назарын оқулыққа аударады. Тапсырма оқушылардың оқылым дағдысын дамытуға, мәтіннің мазмұнын түсінуге бағытталған. Оқушылар мұқият тыңдап отырады, мұғалім дауыстап хатты оқиды. Мұғалімнен кейін хатты тағы 2-3 оқушы дауыстап оқиды.
Хатты оқып болған соң мұғалім оқушыларға хаттың мазмұнына сәйкес сұрақтар қояды.
Хатты кім жазды?