«Оқиық және жауап берейік» айдарындағы тапсырмада оқушыларға хат мазмұнына сәйкес суреттер ретсіз шашыраңқы түрде беріледі. Оқушылар «Мозайка» әдісімен суреттердегі әріптермен хаттың мазмұнына сәйкес ретімен орналастырады. Суреттерін мұғалімге көрсетеді. Мұғалім тексеріп, оқушыларды
«Шапалақ» әдісімен бағалайды. Оқушыларға А4 парақтары беріледі. Оқушылар қағазға хаттағы міндеттерді ретімен жазады. Тапсырма жазбаша орындалады. Тапсырма топта орындалады. Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, бір-бірімен қағаздарын алмастырады. Бір-бірінің жұмыстарын тексереді. Оқушылардың жұмыстарын оқулықтағы мәтінмен салыстыра отырып тексереді. Қателері болса айтып, бір-бірінің жұмыстары бойынша кері байланыс орнатады.
Осы тапсырманы орындау барысында 4.3.1.1 мәтінді іштей түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқу мақсаты жүзеге асады.
«Жаттығайық»айдарындағы тапсырмада оқушылар сурет пен үлгіні пайдаланып сөйлемдер құрап жазады. Тапсырма жазбаша, жеке орындалады. Тапсырманы орындауда жіктеу есімдіктерін, бұйрық райдың жұрнақтарын қолданып жазады. Оқушыларға үлгі беріледі.
Үлгі: Мен үй сыпырайын. Сен үйді сыпыр. Сіз үйді сыпырыңыз. Ол үйді сыпырсын. Бұл тапсырма оқушылардың грамматика бойынша
алған білімдерін нақтылауға, қайталауға бағытталған.
5 мин
Мұғалім-сынып
Оқулық
«Жаттығайық» айдарымен берілген 5-тапсырма оқушылардың айтылым дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқушылар көп нүктенің орнына қажетті қосымшаларды қою арқылы бұйрық райдың жұрнақтарын қайталайды.
Оқушылар бір-бірін «Екі жұлдыз – бір тілек» әдісі арқылы
бағалайды.