«Оқиық және жауап берейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар «Балық аулау» әдісі бойынша мәтіннің мазмұнына байланысты сұрақтарға жауап береді. Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Түрлі түсті қағаздан жасалған балықтарда сұрақтар болады. Мұғалім оқушының қолына қармақ болады. Қармақтың басында магнит бар. Қармақ қай балыққа тисе, сол балықтағы сұраққа жауап беруі керек.
Әңгіме не туралы?
Жақсы дос қандай болады?
Жаман дос қандай болады?
Мәтіннің негізгі ойы қандай?
Екі достың алдынан не шығады?
Екі достың біреуі қандай еді?
Жас жігіт жолдасын тастап қайда кетеді?
Ауру жігіт не істейді?
Аю не істейді?
Жақсы дос қандай болуы керек?
Осы тапсырманы қорытындылау мақсатында саралау тапсырмасы ретінде білім деңгейі жоғары оқушыларға дос туралы мақалдар беріп, мағыналарын қалай түсінетіндері жөнінде пікір алмасуға болады. Мысалы: Адал дос – алтыннан қымбат. Досы көпті жау алмайды. Доссыз өмір – тұзсыз ас. Аталған тапсырмалар оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға, өз ойын ашық айта білуге бағытталған.
Мұғалім оқушыларды «Шапалақ» әдісі бойынша бағалайды.
Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісімен бағалайды.