Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет91/363
Дата27.11.2022
өлшемі1,68 Mb.
#52964
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   363
Байланысты:
4 класс ҚМЖ (1) весь

Сабақтың тақырыбы

Шегіртке мен құмырсқа. (1-тоқсан, 2-тарау)
27-сабақ

Дағды

Оқылым (грамматика) және айтылым

Оқыту мақсаттары

4.3.2.1 Бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
4.2.6.1 Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айту

Лексикалық минимум

Сауықшыл, мұңды, өлеңшіл

Алдыңғы білім

Жаман жолдас

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану

Сабақтың барысы

С.кезең

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

«Сөйлесейік» айдарында жаңа сабаққа кіріспе ретінде оқушыларға «Миға шабуыл» ретінде мұғалім сұрақ қояды:
«Балалар, қандай еңбекқор жәндіктерді білесіңдер?» Оқушылардың жауаптарын тыңдағаннан кейін мұғалім оларға құмырсқалар мен қант туралы бейнежазуды көрсетеді. Балалар, бейнежазу не туралы? Құмырсқа қандай жәндік? Оқушылар бейнежазу желісі бойынша құмырсқалардың еңбекқорлығы, ұйымшылдығы туралы айтады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын толықтырады, кері байланыс орнатады. Мұғалім шегіртке мен құмырсқа туралы мысалды таныстырмас бұрын оқушыларға шыбынның ызыңын, масаның даусын және шегірткенің шырылын естіртеді. Оқушылар осы дыбыстардың қандай жәндіктерге тән екенін табады. Оқушылар тапқан соң мұғалім тақтадан араның, шыбынның және шегірткенің суретін көрсетеді. Енді сабақтың тақырыбын ашу үшін тек шегіртке мен құмырсқаның суретін қалдырады.
Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбын болжайды. Мұғалім сабақтың мақсатын айтады.
Оқушыларды лексикалық тақырыпқа енгізумен қатар грамматикалық білім алуға дайындау мақсатымен құмырсқа мен шегіртке туралы (тіпті арасына басқа да кейіпкерлерді қосып) ойдан әңгіме құрастыруды тапсыруға болады. Ол үшін мұғалім жетекшілік етеді. Мұғалім өзі бас болып:
Ертеде бір өте еңбекқор құмырсқа болыпты. Ол түске дейін мектепке барыпты, ал түстен кейін жұмыс істепті... Оның жалқау көршісі болыпты. Ол сабақ оқымапты, үнемі ойын ойнапты. Осылайша оқушылар қиялдан өз ертегілерін құрастырады. Белгілі бір межеге келгенде мұғалім оқушыларды тоқтатып, керемет жазушы болатын қабілеттерің бар деп мақтау айтып, құрастырған мәтіндеріндегі қимыл сөздің тұлғасына, қолданылу ерекшелігіне, яғни, беретін мағынасына көңіл аударуларын сұрайды. Осылайша, оқулықта берілген грамматикалық білімді меңгертуге бірден ауысуға болады. Сондай-ақ, сабақты оқулықта берілген сауалнамадан да бастай беруге де болады. Бұл жағдайда оқушылар өзара сауалнама алуға қатысады және грамматикалық құрылыммен танысады. Оған қоса ертегіде белсенді қолданылатын сөздерді
саналарында жаңғыртады.

5 мин

Мұғалім-сынып

«Құмырсқа мен қант» туралы бейнежазба,
жәндіктердің
дауыстары, шегіртке мен құмырсқаның суреттері

Негізгі бөлім

«Есте сақтайық» айдарындағы тапсырмада оқушыларға өткен шақтың жұрнақтары қолданыстық тұрғыдан түсіндіріледі. Етістіктер өткен шақта айтылған кезде сөздерге -ып, -іп,-п жұрнақтары жалғанады (бұл нұсқауда жұрнақ сөздері қолданылғанмен оқушылар үшін әзірге қосымша сөзін қолданған оңды болады).
Үлгі:

5 мин

Жеке жұмыс

Өткен шақтың жұрнақтары
жазылған плакат немесе электронды нұсқасын интерактивті
тақтадан көрсетсе де болады







Өткен іс-әрекет
бар+ып+ты




бару
жалыну сұрау көру
билеу

-ып/- іп/
-п

-ты
-ті

барыпты
жалыныпты сұрапты көріпті
билепті



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет