4.3.3.1 Мәтіннің жанрын (мақал-мәтелдер, бата, аңыз, мысал, өсиет әңгімелердің), жанрлық ерекшеліктерін және көмекші сөздердің қолдауымен пайымдау мәтінін анықтау
4.5.1.2 Көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша
тілде қолдану
«Мина» әдісі арқылы алдыңғы білімге қатысты сұрақтар қойылады. Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Мұғалім ортаға сұрақтар жазылып, умаждалған «миналарды» сыныптың ортасына тастайды. Оқушылар ортаға шығып, бір оқушының көзін байлап, миналардың ортасымен жүргіземіз. Оқушының аяғы қай «минаға» тисе, сол сұраққа жауап береді. Ойынның мақсаты – оқушылардың қызығушылықтарын ояту, өткен тақырыптар бойынша шолу жасау, қайталау, білімдерін тексеру .
«Жаңа сөз үйренейік» айдары оқушыларды сабаққа қатысты жаңа сөздерді меңгерту мақсатында жүргізіледі.