Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау


«Жаңа сөз үйренейік» айдары



бет124/363
Дата27.11.2022
өлшемі1,68 Mb.
#52964
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   363
Байланысты:
4 класс ҚМЖ (1) весь

«Жаңа сөз үйренейік» айдары оқушыларды сабаққа қатысты жаңа сөздерді меңгерту мақсатында жүргізіледі. Оқушыларға бірнеше жаңа сөздерге қатысты суреттер көрсетіледі. «Суретті сөздік» арқылы оқушылар жаңа сөздерді меңгеріп, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады.
Оқушылар бір-бірін «Дүркін шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.

5-8 мин

Мұғалім-сынып

Суреттер Оқулық

Негізгі бөлім

«Ойланайық» айдарында ұсынылған тапсырма оқушылардың айтылым дағдыларын жетілдіріп, септік жалғауларының дұрыс жалғап айтылуына мән береді. Мұғалім оқушыларды жұпқа бөледі. Бұл тапсырманы орындауда оқушылар сабақ бойы үйренген жаңа сөздерге мән бере отырып оқиды. Мұнда мұғалім үйреткен жаңа сөздердің қолданысты үлгісін танып білуге жетелейді. Үйренген жаңа сөздердің сөйлем құрамына еніп, қолданыс табуы оқушылардың алдыңғы тапсырмадан алған білімдерін бекітіп, тереңдете түседі. Сонымен қатар бұл тапсырмаларда меңгерілетін грамматикалық білімді оңай игеруге
мұрындық болады.

10 мин

жұптық жұмыс

Суреттер Оқулық

«Есте сақтайық!» айдарында оқушылар кестеде берілген тірек сөздерге барыс септік жалғауларының дұрыс нұсқасын жалғап айтады. Оқушыларды мәтін бойынша қосымша сұрақтар қою арқылы септік жалғауларын дұрыс жалғап айтуға жаттықтыруға болады. Мұғалім оқулықта берілген грамматикалық ереже кестесін пайдаланып, оқушыға жаңа грамматикалық білімді игертеді. Тақырыпқа сай өмірден мысалдар
келтіріп, оқушы білімінің нақты да тұрақты болуына ден қояды.

5-7 мин




Интербелсенді тақта
Кесте

Оқулықтың келесі тапсырмасы ретінде оқушыларға «Жаттығайық» айдарымен жұмыс ұсынылады. Мұнда оқушылар алған грамматикалық білімдерін шыңдай түседі. Берілген сөздерге қандай қосымша жалғайтындығын шешіп алып, сол сөздерді тиісті жалғау бағанына орнатады. Бұл тапсырманы орындату кезінде мұғалім оқушылардың дәптерге сызуға уақыт кетірмеуін қаласа, кестені компьютерден шығарып әкеліп, жеке парақшаларға орындатуына болады. Ал тапсырманың «б» нұсқасын орындау арқылы оқушылар сөздердің қолданыстық үлгісін сөйлем ішінде анық көре
алады.

6 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық

«Оқиық» айдары оқушылардың оқылым дағдысын дамытуға бағытталған. Мұғалім оқушылардың назарын суретке аударады. Оқушылар сөз бұлтындағы сөйлемдерді мұқият оқиды. Берілген сұрақтарды басшылыққа ала отырып, әңгіменің мазмұнын түсінеді. Суреттегі кілт мағынаны тану, түсіну де оқылым әдісіне жатады.

5 мин

Мұғалім - сынып

Оқулық


«Оқиық және жауап берейік» айдарымен берілген тапсырмада оқушыларға ұсынылған сұрақтар төңірегінде ойланып оқиғаның жалғасы қалай болатынын болжап айтып беру тапсырылады. Мұғалім 4.2.5.1 Шығарманың кейіпкері туралы пікірлерді (менің түсінігім бойынша,... оның пікірінше,... оның айтуынша,... кейбір адамдардың ойынша,...) салыстыра отырып бағалау оқу мақсатын жүзеге асырады.

2 мин









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет