қадам: (1, 2, 3, 4) әр мүшеге тапсырма беріледі, сабақ соңында әр топ мүшесі мәтінді толығымен біліп шығуы керек, сондықтан әр бөлікті оқитын топ мүшесі үлкен жауапкершілікпен өз бөлігін оқуы керек, себебі ол өз тобындағыларға оқығанын жеткізе алмаса, мәтін толық меңгерілмей қалады.
4-қадам: 1+1+1+1; 2+2+2+2; 3+3+3+3; 4+4+4+4; сараптау топтарына бөліну;
қадам: мәтіннен өзіне бөлінген үзіндіні оқып, сараптау тобында талқылау, күрделі жерлерін мұқият түсініп, осы үзіндіні өз тобының мүшелеріне қайткенде де түсінікті жеткізудің жолдарын қарастырады;
қадам: өз тобына барып, сараптау тобында түсініп келгендерін бір-біріне үйретеді. Қажет болса, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қоюға болады;
қадам: презентация жасауға, мәтін бойынша сұрақтар қоюға немесе басқа да тапсырмалар ойластыруға болады.
«ОЙЛАН–ЖҰПТАС–БӨЛІС» әдісі (Джесси Джентильдің диаграммасы)
Мұғалім сұрақ немесе тапсырма береді. Оқушылар ойланып, әрқайсысы жеке жауап жазады. Оқушылар жұптарға бөлініп, өздерінің ең үздік деген сұрақтарын біріктіреді. Оқушылар өздерінің жаңа жақсартылған жауаптарымен сыныптастарымен бөліседі.
ұсынылған проблема, орындалған жұмыстар жөнінде өз ойына талдау жүргізеді;
таным әрекетін жүзеге асыруда сындарлы қарым-қатынас жасайды. Әдісті жүзеге асыру қадамдары:
қадам: мұғалім таныстыратын мәтінді төмендегідей өлшемдерге сәйкес алуы қажет:
мәтін аудиторияға мүлдем таныс болмауы қажет (әйтпесе, қолданылған әдіс мәні мен маңызын жояды);
оқиғасы қызықты болуы керек;
күтпеген шешім «ашық» сұрақпен аяқталуы керек.
қадам: мәтін алдын ала ойдың аяқталуына қарай бөлініп қойылуы қажет. Мәтінді қай жерден үзу керек екені алдын ала белгіленіп қойылуы және қай жерде «аялдама» жасау керек екендігі анықталуы қажет: 1-аялдама, 2-аялдама.
қадам: мұғалім тыңдаушылардың ойлау дағдысын дамытуға бағытталған әртүрлі сұрақтар мен мәтін бойынша тапсырмалар дайындап қоюы керек.