Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау


ақпаратты қысқа да нұсқа жазбаша түрде бере алады



бет12/363
Дата27.11.2022
өлшемі1,68 Mb.
#52964
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   363
Байланысты:
4 класс ҚМЖ (1) весь

ақпаратты қысқа да нұсқа жазбаша түрде бере алады;


  • өзінің және топ мүшелерінің білім алуына жауапкершілікпен қарайды;

  • таным әрекеті үдерісінде қарым-қатынас шеберлігі артады.

    Әдісті жүзеге асыру қадамдары:

    1. қадам: сабақтың мақсаты мен тақырыбын анықтау. Тақырып бойынша білімін өзектендіру;

    2. қадам: топтарға бөлу (1, 2, 3, 4.....) мәтін қанша бөліктен тұрса, топ та сонша бөлікке бөлінеді;

    3. қадам: (1, 2, 3, 4) әр мүшеге тапсырма беріледі, сабақ соңында әр топ мүшесі мәтінді толығымен біліп шығуы керек, сондықтан әр бөлікті оқитын топ мүшесі үлкен жауапкершілікпен өз бөлігін оқуы керек, себебі ол өз тобындағыларға оқығанын жеткізе алмаса, мәтін толық меңгерілмей қалады.

    4-қадам: 1+1+1+1; 2+2+2+2; 3+3+3+3; 4+4+4+4; сараптау топтарына бөліну;

    1. қадам: мәтіннен өзіне бөлінген үзіндіні оқып, сараптау тобында талқылау, күрделі жерлерін мұқият түсініп, осы үзіндіні өз тобының мүшелеріне қайткенде де түсінікті жеткізудің жолдарын қарастырады;

    2. қадам: өз тобына барып, сараптау тобында түсініп келгендерін бір-біріне үйретеді. Қажет болса, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қоюға болады;

    3. қадам: презентация жасауға, мәтін бойынша сұрақтар қоюға немесе басқа да тапсырмалар ойластыруға болады.



    «ОЙЛАН–ЖҰПТАС–БӨЛІС» әдісі (Джесси Джентильдің диаграммасы)
    Мұғалім сұрақ немесе тапсырма береді. Оқушылар ойланып, әрқайсысы жеке жауап жазады. Оқушылар жұптарға бөлініп, өздерінің ең үздік деген сұрақтарын біріктіреді. Оқушылар өздерінің жаңа жақсартылған жауаптарымен сыныптастарымен бөліседі.


    «БАҒЫТТАЛҒАН ОҚУ» әдісі


    Бұл тәсіл негізінде оқушы:

      • мәтіннен алған ақпаратты терең меңгереді;

      • мәтінді талдайды, бағалайды, болжайды, берілген сұраққа сәйкес қиялдайды;

      • мәтіндегі ақпаратты пайдалана отырып сұрақтарға жауап береді;

      • өз болжамын шығармашылықпен жеткізеді;

      • ұсынылған проблема, орындалған жұмыстар жөнінде өз ойына талдау жүргізеді;

      • таным әрекетін жүзеге асыруда сындарлы қарым-қатынас жасайды. Әдісті жүзеге асыру қадамдары:

    1. қадам: мұғалім таныстыратын мәтінді төмендегідей өлшемдерге сәйкес алуы қажет:

      • мәтін аудиторияға мүлдем таныс болмауы қажет (әйтпесе, қолданылған әдіс мәні мен маңызын жояды);

      • оқиғасы қызықты болуы керек;

      • күтпеген шешім «ашық» сұрақпен аяқталуы керек.

    2. қадам: мәтін алдын ала ойдың аяқталуына қарай бөлініп қойылуы қажет. Мәтінді қай жерден үзу керек екені алдын ала белгіленіп қойылуы және қай жерде «аялдама» жасау керек екендігі анықталуы қажет: 1-аялдама, 2-аялдама.

    3. қадам: мұғалім тыңдаушылардың ойлау дағдысын дамытуға бағытталған әртүрлі сұрақтар мен мәтін бойынша тапсырмалар дайындап қоюы керек.





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   363




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет