4.3.3.1 *Мәтіннің жанрын (мақал-мәтелдер, бата, аңыз, мысал, өсиет әңгімелердің) жанрлық ерекшеліктерін және көмекші сөздердің қолдауымен пайымдау мәтінін анықтау
4.3.5.1 *Қажетті ақпараттарды табу үшін түрлі дереккөздерді (сөздіктер,
инфографикалар, энциклопедиялар, ғаламтор) қолдана білу
Мұғалім бұл сабақты ойынмен бастауына болады. Ол үшін екі түрлі қоржын немесе екі түрлі кішкене сандықты әкеліп, оның әдемісіне жағымды, өңсіздеуіне жағымсыз қасиетті білдіретін сөздерді бөліп салуды мұғалім оқушыларына тапсырады. Бұл тапсырма арқылы мұғалім оқушыларын жаңа тақырыпты оңай қабылдауға дайындайды. Берілген сөздер қатарында оқушылардың бұрыннан білетін сөздері мен осы тақырып аясында қамтылатын сөздер таңдалып алынуы тиіс.
5 мин
Мұғалім-сынып
Суреттер Оқулық
Жоғарыда ұсынылған тапсырма орындалғаннан кейін мұғалім оқушылардың назарын Абай атаның суретіне аударады. Ол туралы мәлімет беруге тұрарлық бірнеше суретті алуға болады. Бұл суреттер оқушылардың барлығына бірдей көрінетін, тақтаның жаңа ақпаратты қамту бөлігіне орнатылуы тиіс. Оқушылар сурет мазмұнына орай өз түйгендері бойынша және мұғалімнің жетелеуімен Абай атаны жағымды сөздерімен сипаттайтын болады.
5 мин
Алғашқы тапсырмаға ұластырыла жаңа сөздермен таныстыру жұмысын мұғалім жүргізетін болады.
(Ұ) (Ө) Жаңа сөздерге: Құжат, баспа, қолжазба, мақтаныш, ұлы, ақын, жазушы сөздері ұсынылған. Жаңа сөзді таныстыру үшін мұғалім 6 қадамдық жұмыс жүргізеді.
Мұғалім атаған сөздің мағынасын сыныптан сұрайды (болса, суретін көрсетеді). Оқушылар арасынан білетіндер табылып жатса, өз нұсқаларын айтады. Ал, егер, еш адам табылмаса, мұғалім аудармасыз сөз мағынасын таныстырады.
Мұғалім сөздің дұрыс айтылуына назар аударып, оның топта, жұпта, жеке қайталанып айтылуын қамтамасыз етеді.
Оқушылар сөзді дұрыс айта алатын дәрежеге жеткен кезде оның жазылу үлгісін тақтаға жазып көрсетеді.