4.3.1.1 Мәтінді іштей түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқу
4.2.2.1 Берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа монолог құру
«Жаңа сөз үйренейік» айдарында мұғалім оқушыларға сұрақтар қояды. Мұғалім осы сабақты бастар алдында оқушылардан «Қандай байқаулар болады?» – деп сұрайды. Оқушылар өз білгендері бойынша айта бастайды. Оқушыларға көмек болуы үшін қолдау табарлық суреттерді сынып қабырғасына іліп қоюға болады. Шаңғы жарысы, жүгіру жарысы т.б. Одан әрі мұғалім байқауға қатысты сөздерді атауларын сұрап тізім жазады. Оқушылардың назарын оқулыққа аударып сондағы ұсынылған жаңа
сөздермен тізімді толықтырады.
«Көрсетейік және айтайық» тапсырмасы оқушының өз ойын еркін жеткізуге, сөздік қорын молайтуға арналған. Оқушылар алдымен өздеріне таныс зат атауларын атайды, кейін сурет бойынша жаңа сөздерді пайдаланып қысқаша сөйлем құрайды. Тапсырманы тереңдету үшін (егер сынып оқушыларының қабілеті аса жоғары болып жатса) суреттегі сахна
айналасындағы ахуал туралы оқушыларды сөйлесімге тартуға болады.
10 мин
Топтық жұмыс
Оқулық Суреттер
«Назар аударайық» айдарымен ұсынылған тапсырма оқушыларға қосалқы білім беруді көздейді. Оқушылар әдетте көңіл бөле бермейтін тұстарды айрықша атап кету мақсатымен алынған.
6 мин
Мұғалім- сынып
Кесте
Интер- белсенді тақта
Мұғалім оқулықта ұсынылатын «Оқиық» айдарымен берілген тапсырманы былайша ұйымдастыруына болады.