4.1.1.1 Анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру
4.4.5.1 Мұғалімнің қолдауымен айтылуы мен жазылуында айырмашылығы
бар сөздерді табу
«Жаңа сөз үйренейік» айдарында мұғалім оқушыларға жаңа сөздерді оңай игерту үшін сол сөздерге қатысты газет-журналдардан жинақталған суреттерді ұсынады. оқушыларды жетелей отырып сәнгер, тапсырыс беруші, тапсырыс алушы т.б. сөздердің мағынасын ұғындырады. Одан әрі әр сөздің қатесіз айтылуы мен жазылуына көңіл бөліп, түрлі жаттығулар жұмысын ұйымдастырады.
5 мин
Мұғалім-сынып
Суреттер Оқулық
Негізгі бөлім
«Тыңдайық» айдарымен берілген тапсырмада оқушылар мәтінді тыңдап және жүргізіп оқиды. Диалогтен «Не істеймін?» сұрағына жауап беретін сөзді тап. Келер шақты қолданыстық тұрғыда ажыратады. Мысалы, аламын, аралаймын, дайындаймын. Мұғалімнің таңдауына орай бұл тапсырманы өзгеше етіп ұсынуға да болады. Мұғалім мәтіндегі кей сөздерді алып тастап, оқушылар тыңдап отырып белгілейтін нұсқа дайындауына болады. Ондай ой болса, мұғалім мәтінді ақ қағазға басып шығарып, оқушыларға үлестіреді. Оқушылар тапсырманы орындап болғаннан кейін оқулықты ашып, өздерін тексерулеріне де болады.