Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау


Сабақты қорытындылау мақсатында



бет209/363
Дата27.11.2022
өлшемі1,68 Mb.
#52964
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   363
Байланысты:
4 класс ҚМЖ (1) весь

Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушыларға оқулықтағы «Ойланайық» айдарындағы тапсырманы орындатады. Оқушыларға аталған тапсырманы орындату үшін Венн диаграммасы ұсынылады. Оқушылар екі қаланың табиғатын, өзгешеліктерін салыстырады. Бұл тапсырма алдыңғы тапсырмалар бойынша білімдерін тиянақтауға, есте қалған білімді санада бекітуге бағытталады. Сондай-ақ Венн диаграммасын толтыру арқылы оқушылар ортада өзін еркін сезінеді, қызығушылығы артады, жауапкершілікті сезінеді.
Мұғалім оқушыларды түрлі түсті фишкалар тарату арқылы бағалайды.
Жасыл фишка – «өте жақсы» Қызыл фишка – «жақсы»
Сары фишка – «нашар, толықтыру керек»
«Жазайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар суреттердің орнына тиісті сөздерді қойып, бірнеше сөйлем құрап жазады.
Оқушыларға үй тапсырмасы ретінде Астана, Нұр-Сұлтан қалалары туралы фотоколлаж жасап келуге тапсырма беруге болады.
Рефлексия: «Білім вагоны»






10 мин




Венн диаграммасы, түрлі түсті маркерлер


Түрлі түсті фишкалар Рефлексия:


«Білім вагоны»

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру
Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.
Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері байланыс орнатудың маңызы зор.

Бағалау критерийлері

  1. Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану

  2. Жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау

Дескрипторы

  • Табиғат құбылыстарына қатысты сөздерді меңгереді.

  • Екі қаланы салыстырып айта алады және жаза біледі.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет