Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет222/363
Дата27.11.2022
өлшемі1,68 Mb.
#52964
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   363
Байланысты:
4 класс ҚМЖ (1) весь

Сабақтың тақырыбы

Жау-жау, жаңбыр. (3-тоқсан, 5-тарау). 78-сабақ

Дағды

Тыңдалым

Оқыту мақсаттары

4.1.4.1 Тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің нұсқауымен анықтау
4.2.5.1 Шығарманың кейіпкері туралы пікірлерді (менің түсінігім бойынша,... оның пікірінше,... оның айтуынша,... кейбір адамдардың ойынша,...) салыстыра отырып бағалау

Тілдік міндеттер

Қолшатыр, гүлдеу, тамшы, көктеу, сағыну

Алдыңғы білім

Көктемгі өзгерістер

Сабақтың барысы

С.кезеңі

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

«Жаңа сөз үйренейік» айдарында мұғалім оқушыларға қолшатырдың, гүлдеп келе жатқан ағаштың, тамшының, бүршік жарып келе жатқан ағаштың суреттерін интерактивті тақтадан көрстеді. Мұғалім жаңа сөздерді суретпен көрсету арқылы меңгертеді. Оқушылар жаңа сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады.

5 мин

Мұғалім-сынып

Жаңа сөзді меңгертуге
қажетті суреттер

Негізгі бөлім

«Көрсетейік және айтайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар сөйлемдерді суретпен салыстыру арқылы айтылым дағдыларын дамытады. Оқушылар салыстырғанда «иә», «жоқ» деп жауап береді. Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері арқылы бағалайды. Қысқа жауаптар сыныптағы білім деңгейі орта оқушыларды жұмыстандыру үшін өте қолайлы.

5 мин

Топтық жұмыс

Сурет

«Сөйлесейік» айдарында оқушылар жұпта жұмыс істейді, яғни берілген сұрақтарды көршісімен талқылайды.

  1. Саған жаңбырлы күн ұнай ма? Неге?

  2. Жаңбырлы күні сыртқа шығасың ба?

  3. Жаңбырлы күнде көңіл күйің түсе ме?

Тапсырма оқушылардың сөйлесім әрекеттерін дамытуға бағытталған. Оқушылар бір-бірін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар шығарманың кейіпкері туралы пікірлерді (менің түсінігім бойынша,... оның пікірінше,...оның айтуынша,... кейбір адамдардың ойынша...) салыстыра отырып бағалау мақсатын жүзеге асырады.

10 мин

Топтық жұмыс

Оқулық




«Ән салайық» айдарында оқушылар Бота Бейсенованың «Жаңбыр» атты әнін 2 рет тыңдайды. Тыңдамас бұрын мұғалім оқушыларға әнді мұқият тыңдау керектігі туралы кеңес береді. Тыңдап болған соң, тыңдалым бойынша тапсырма орындайтындарын түсіндіріп айтады. Оқушылар мұғаліммен бірге ән салады.
Тыңдалым мәтіні:
а) Ән салайық
Әні мен сөзі: Бота Бейсенованікі Келді, міне, көктемім,
Жердің жүзі көктеді. Ақ жаңбырды сыйлады, Ақша бұлттар көктегі.
Қайырмасы
Жау-жау, жаңбыр, жау, жаңбыр! Мөлдіреген тамшыларың.
Жау-жау, жаңбыр, жау, жаңбыр! Табиғаттың сәні.

Жау-жау, жаңбыр, жау, жаңбыр! Мөлдіреген тамшыларың.


Жау-жау, жаңбыр, жау, жаңбыр! Табиғаттың әні.

Жаушы жаңбыр тағы да, Күттік сені сағына.


Кірсін жердің сәні де, Топырақтың нәрі де.
Осы тапсырманы орындау арқылы тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің нұсқауымен анықтау мақсатын жүзеге асырады.

10 мин

Жұптық жұмыс

Әннің сөзі жазылған парақшалар





«Тыңдайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар тыңдалым материалын 2 рет тыңдайды. Радио тілшісімен болған сұхбатты тыңдап болған соң, тыңдалым бойынша сұрақтарға жауап береді. тапсырма топта орындалады. Әр топ сұрақтарға жауап береді. Тапсырма оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға бағытталған.

  1. Сөйлеп тұрған адамдардың есімдерін анықта.

  2. Жаңбырды кім ұнатады немесе ұнатпайды?

  3. Ұнайтын себебі немесе ұнамайтын себебін біл. Осы тапсырма аясында 4.1.4.1 тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен анықтау оқу мақсаты жүзеге асады, ал 4.2.5.1 шығарманың кейіпкері туралы пікірлерді (менің түсінігім бойынша,... оның пікірінше,... оның айтуынша,... кейбір адамдардың ойынша,...) салыстыра отырып бағалау оқу мақсаты қосымша жүзеге асады.

Тыңдалым мәтіні:
ә) Мәтіндерді тыңда.

  1. Сөйлеп тұрған адамдардың есімдерін анықта.

  2. Жаңбырды кім ұнатады немесе ұнатпайды?

  3. Ұнайтын себебі немесе ұнамайтын себебін біл. Радио тілшісімен болған сұхбатты оқы.

  • Сәлем, Зейнеп.

  • Қайырлы күн. Есіміңіз кім?

  • Менің атым – Майра.

  • Майра, бүгінгі күн райы ұнай ма саған?

  • Иә, мен жаңбырды жақсы көремін. Қазір көшеде жүрмін.

  • Қандай ән сұрайсыз?

  • «Жау-жау, жаңбыр» әнін сұраймын.

***

  • Алло, мені естіп тұрсыз ба?

  • Иә, Зейнеп. Қайырлы күн! Жолда тұрмыз. Бағдаршамда...

  • Жаңбырды ұнатасың ба?

  • Жоқ, жаңбырды ұнатпаймын. Күн бұлыңғыр болады. Айнала дұрыс көрінбейді. Көңіл күйім түседі.

  • Жарайды, сенің көңіліңді көтерейін, «Cарыарқа» әні бір өзіңе арналады.

***

  • Зейнеп әпке, сәлем. Мен Алтынаймын.

  • Сәлем Алтынай. Көшеде жүрсің бе?

  • Иә, мектептен келе жатырмын. Күн жаңбыр.

  • Қолшатырың бар ма?

  • Иә, бар. Менің ағам, Ержан алысқа кетіп еді. Менен сәлем айтыңызшы. Ол үнемі радио тыңдайды. Көңілді ән қойыңызшы.

  • Жақсы.

***

келеді.
Егін шығады, бау-бақша өседі, дала гүлдейді.




Топтық жұмыс

Тыңдалым материалы
Аудиодиск











Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет