4.3.4.1 Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкердің іс- әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен ? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру
4.4.3.1 Сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің тыныс белгісін (үтір, қос нүкте)\қаратпа сөзден кейінгі сөйлемнің тиісті тыныс белгілерін қолдану
Ал күнделік жазудың не екенін білеміз бе?Ал, кәне, айтыңдаршы, кім күнделік жаза біледі? Сендердің араларыңда күнделік жазып жүргендерің бар ма? Осылай мұғалім оқушылардың қызығушылығын оятады. Тақырыпқа жетелеп алып келеді. Мұғалім уақыт тауып жатса, бірнеше күнделік үлгісін сабаққа әкеліп, онда не жазуға болатынын көрсетуіне болады. Мәселен, бір күнделікте күн сайынғы әрекет тіркеліп отырса, ал енді біреулерінде тек елеулі сәттер ғана жазылған болуы мүмкін. Кейбір оқушы өз сезімін суретпен салатын тұстар да кездеседі. Нақты назар аудартпай, жай танысу мақсатымен ұсынып, сабақ соңында осы күнделіктерге қайта оралып, оқыған мәтіндегі мәліметтерін қоса қорытып,
қандай күнделік түрлері болатынын талқылатып, қорытуға әбден болады.
5-7 мин
Мұғалім-сынып
Күнделік дәптер
«Жаңа сөз үйренейік» айдарында оқушылар алдымен суреттерге асықпай зер салып қарайды және сурет астында берілген сөздерді оқиды, айтады, жаттығады, мәнін түсінеді. Сонымен қатар «Бұл не?» ойыны арқылы осы сөздер кіріккен басқа да таныс атаулар бойынша сөздік қорды жаңғырту
бойынша жұмыс түрлерін ұйымдастыруға болады.
3 мин
Топтық жұмыс
Суреттер
Негізгі бөлім
«Оқиық» айдарында оқушылар мәтінді оқып, танысады. Жалпы не түсінгендерін ортаға салады. Егер сынып оқушыларының қабілеттері
нашар болса, алдымен «Таныс сөздерді атап беріңіздер» деген тапсырма арқылы негізгі тапсырмаға ойысуға болады.