Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет316/363
Дата27.11.2022
өлшемі1,68 Mb.
#52964
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   363
Байланысты:
4 класс ҚМЖ (1) весь

Сабақтың тақырыбы

Ғаламшар сипаты. (4-тоқсан, 7-тарау). 116-сабақ

Дағды

оқылым мен айтылым

Оқыту мақсаттары

4.3.5.1 Қажетті ақпараттарды табу үшін түрлі дереккөздерді (сөздіктер, инфографикалар, энциклопедиялар, ғаламтор) қолдана білу
4.2.3.1 Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу

Лексикалық минимум

Күн жүйесі, түзу

Алдыңғы білім

Мен астроном боламын

Пәнаралық айланыс

Дүниетану, математика

Сабақтың барысы

С.кезеңі

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

«Балалар, бүгін бізде сабақта Қуаныш қонақта. Ол бізге жай келмей, өзінің қызықты тапсырмаларын да бірге ала келген екен. Ол тапсырмалар сіздерді қызықтыра ма?» деген сауалмен мұғалім сабақты бастайды.
–Ендеше алғашқы тапсырмаға кіріспес бұрын бүгін сабақта алдыңғы сабақта аспанда ғаламшарлар көп болатындығын білген едік. Сол ғаламшарлардың түрлерімен танысып, олардың бір-бірінен айырмашылығын ажырата алуды және қосымшаларды дұрыс пайдалана білуге ден қоятын боламыз, – деп мұғалім сөз кезегін Қуанышқа беріп, ол тапсырмаларымен бөліседі.

5 мин

Мұғалім-сынып

Айтылым

Қуаныштың алғашқы тапсырмасы «Ойланайық» деп аталатынын және мұнда Қуаныш сөзжұмбақты плакат түрінде ұсынып, сұрақтарын көрсетеді. Оқушылар сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа тақырыпқа енеді. Яғни ғаламшарлардың жаңа атаулары мен табу жетекші мәліметтері арқылы олардың қасиеттері мен орналасу реттерін де танып біледі. Жаңа атаулар топтамасын, ғаламшар
атауларын мұғалім оқушыларға қайталап айтқыза отырып тақтаға түсіреді.

5-7 мин

Топтық жұмыс

Оқулық

Негізгі бөлім

Қуаныш келесі тапсырмада «Көрсетейік және айтайық» айдарымен оқушыларға ғаламшар суреті берілген. Балалар оқулықты басшылыққа алып оларды атайды. Тапсырманың шарты бойынша ғаламшарларды неге ұқсататындары туралы сөз етеді. Оқушылардың өздеріне деген сенімсіздіктерінің алдын алу үшін мұғалім алдымен өзі үлгі көрсетеді. «Менің ойымша, ғаламшарлар түрлі түсті доптарға ұқсайды» немесе «сиқырлы шарларға ұқсайды» деген мысалдарды айтып, айтылым барысында оқушылардың қолдана алуы үшін тақтаға немесе көпшілік көре алатындай қабырғаға іліп қояды. Жалпы орыс сыныптарындағы оқушылар тіл үйрену бағытында түрлі тапсырмаларды орындайтындықтан, әр күнгі сабақтың жаңа сөздері бірнеше сабақ көлемінде көрнекі жерде көз алдарында болғаны жөн. Оқушылар өздеріне қажет мәліметті өздері тауып, қажеттілігіне орай
таңдап қолдануының өзі үлкен жетістік болады.

5 мин

Жеке

Оқулық

Келесі оқулықтың «Оқиық» тапсырмасы орындалады. Оқушылар алдымен мәтіннің жалпы мазмұнынан хабардар болу мақсатымен мәтінді оқиды. Демек, өздеріне танымал сөздерге сүйеніп, таныс емес сөздердің мазмұнын болжап түсіну арқылы не түсінгендері туралы ойларымен бөліседі. Мәтінді келесі кезекте оқығанда оқушыларға мұғалім қолдау көрсетіп, таныс емес сөздердің мағынасын түсіндіре оқытады. Бұл алдағы оқылымнан кейінгі тапсырманы оқушылардың еш қиындықсыз орындауына алдын ала жасалған қам болып табылады. Осы тапсырманы орындау барысында 4.3.1.1 оқу мақсаты
игертіледі.

7 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық

Келесі тапсырма «Оқиық және жауап берейік» айдарымен берілген. Бұл тапсырманы мұғалім ауызша да, жазбаша да орындатуына болады.
Бұл тапсырманы орындау барысында сыныптың білімін мұғалім бағамдай отырып, қосымша тапсырманың қажеттілігіне орай ұсынады.

3 мин

Жеке, жұптық жұмыс түрлері

Оқулық

Келесі «Жаттығайық» тапсырмасында оқушылар бұрыннан бар білімдерін жаңғыртып еске түсіреді. Тақырыпқа сай ұсынылған сөздерге, сәйкесінше, қосымшаларды дұрыс жалғап, өз білімдерін дәлелдеп, түсіндіреді. Тапсырманы сынып оқушыларының аса қабілетті болуына орай күрделендіре түсуге де болады. Мәселен, оқушы кез келген ғаламшар атауын атаса, қалған балалар оның нешінші тұрғанын немесе қандай ғаламшарларға жақын тұрғанын айта білу тапсырмасы ұсынылады. Айтылым барысында оқушылар
септік жалғауларды дұрыс жалғай білуге аса мән береді.

7 мин

жұптық Жұптық жұмыс




Қорыт. бөлім



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет