«Әліппе» пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына 6 сағаттан, барлығы І жартыжылдықта 96 сағатты құрайды



Дата02.05.2023
өлшемі15,98 Kb.
#89246
түріОқулық

«Әліппе» оқу пәнінің мазмұны
«Әліппе» пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына
6 сағаттан, барлығы І жартыжылдықта 96 сағатты құрайды.
«Әліппе» пәнін оқыту екі кезең бойынша (әліппеге дейінгі кезең –
12 сағат, әліппе кезеңі – 84 сағат) ұйымдастырылады.
Әліппеге дейінгі және әліппе кезеңдеріндегі міндеттер «Әліппе» оқулығы
арқылы жүзеге асырылады. Оқулық бойынша дыбыстық мәніне қарай топталған
әріптер ретімен оқытылады:
1-тоқсан: әліппеге дейін – 12 сағат;
(әліппе кезеңі) а, р, л, у, н, бекіту (2 сағ) – 12 сағат;
с, о, т, қ, ы, з, м, е, д, ш, ұ, бекіту (2 сағ) – 24 сағат;
2-тоқсан: б, й, к, і, ң, ғ, ж, ә, п, ү, бекіту (3 сағ) – 24 сағат;
ө, г, и, я, ю, х, h, щ, в, э, ё, ц, ф, ч, ь-ъ, әліпби – 2 сағ, бекіту (4 сағ) –
24 сағат.
ң – 3 сағат, я, ю, х, һ, щ, в, э, ё, ц, ф, ч, ь-ъ 1 сағаттан; қалған дыбыс пен
әріпке 2 сағаттан беріледі. Әріптер оқу бағдарламасында берілген ретпен
оқытылады.
«Әліппе» пәнінің базалық мазмұны сөйлеу әрекетінің түрлері: тыңдалым
мен айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамытуға бағытталған.
Әліппе кезеңінде қазақ әліпбиінің дыбыс пен әріптерін дыбыстардың айтылуына жаттықтыру жұмыстары жүргізіледі.
Тыңдау материалының көлемі 10 сөйлемнен, өлең шумақтары 3-тен аспауы
керек.
І жартыжылдық бойынша жазба жұмыстарының көлемі: әліппеге дейінгі
кезеңде графикалық диктант – 1-3 таңба, әліппе кезеңінде әріптік диктант
– 3-5 әріп, буын диктанты – 3-6 буын, сөздік диктант – 2-5 сөз, диктант – 3-12
сөз. Жазба жұмыстарының санын мұғалім білім алушылардың меңгеру деңгейі
мен қажеттілігіне орай белгілейді. Жазба жұмыстарын күнделікті жүйелі
ұйымдастыру ұсынылады.
Тыңдалым мен айтылымның ерекшілігі: тыңдалым материалының көлемі:
30 сек – 1 мин.
Оқылым ерекшелігі: оқуға берілген мәтіннің көлемі әліппе кезеңінің
басында 4-6 сөйлемнен, соңында 10 сөйлемнен аспауы керек. Әр сөйлемдегі
сөздердің саны 2-6-дан аспауы керек.
Жазылым ерекшелігі: 1 сыныптан бастап жазу жұмысына дайындық
жаттығуларына аса мән берілуі тиіс. Жазу жұмысына дайындық:
1) жазуға дайындық (дұрыс отырғызу, жарықтың дұрыс түсуі, дәптердің
көлбеу орналасуы және жазу кезінде қарындаш/қаламды ұстай білу); парақтағы
кеңістікті бағдарлай білуді қалыптастыру (жазу жолын, жоларалық кеңістікті,
жазу жолының жоғарғы және төменгі сызықтары мен тік көлбеу сызықтардан
шықпау); сурет салу, штрихтау, бастыра жазу, әріп элементтерін жазу;
2) сурет бойынша сөйлем құрастыру, берілген сөздерден сөйлемдер
құрастыру, сөйлемдегі сөздердің санын анықтау, сөйлемдердің графикалық
модельдерін құру;
3) көркем жазу нормаларын сақтай отырып, әріп элементтерін, бас және кіші
әріптерді, буын, сөз, сөйлемді және оларды байланыстыра жазу;
4) сөйлемнің басындағы сөзді бас әріптен жазу, сөйлем ішінде сөздердің
бөлек жазылуы, сөйлемнің соңына тыныс белгісін қою;
5) қарапайым сұрақтарға жазбаша жауап беру, сюжетті суретке қарап мәтін
құрастыру;
6) қатесіз, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.
Әліппе кезеңінде жазба жұмыстарын (көркем жазу минуты) күнделікті
жүйелі ұйымдастыру ұсынылады. Жазба жұмыстарының санын мұғалім білім
алушылардың меңгеру деңгейі мен қажеттілігіне орай айқындайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет