«Жаттығайық» тапсырмасында көп нүктенің орнына тиісті ырақ- ірек-рақ-рек- қосымшаларын қойдырып сөйлемді толықтырып жазу беріледі. Мысалы:
1. Бұл мәшине ыңғайлы. Мұнда берілген жұрнақ қиындыларын
магнитпен жылжымалы түрде қосымша тағы бірнеше сөздер пайдаланып, сөйлем құрастыртуға болады.
3 мин
Мұғалім - сынып
Оқулық
«Еске сақта»айдарында заманауи сөзіне бірнеше тіркестер мен сөйлемдер құрастыртып, оқушылардың айтылым және жазылым дағдыларын шыңдайды. Және дөңгелек сөзі – пішін мағынасында және көліктің бөлшегі мағынасында қолданылатыны ескертіліп, мұғалім тарапынан түсіндіріледі.
5 мин
Мұғалім- сынып
Тақта
«Сөйлесейік»тапсырмасында оқушылар екі суретті салыстырып сипаттап береді және оған берілген үлгініқолданады. Мыс: Көрші ағайдың көлігі Самғаттың көлігіне қарағанда ескілеу. Осы тұрғыда оқушылармен диалог ұйымдастыруда «Интервью» әдісін пайдалануға болады. Оқушылар бір-бірін «бағдаршам» әдісімен бағалайды.
5 мин
Жеке ж. Жұпт. ж.
Сынып
Оқулық
«Жазайық» тапсырмасында:
А. Көліктерді сипаттауға қатысты тағы қандай сөздерді қолданар едің? Көлікке жазылған сөздерді пайдаланып, сөйле және
Ә. Үлгіге қарап, екі көлікті салыстырып жаз.
Үлгі: Көрші ағайдың көлігіне қарағанда Самғаттың көлігі жылдамырақ. Бұл тұста оқушы қиялына ерік беріп:
-Сен көлікті тағы қалай безендірер едің? – деп оқушыларды не сөйлетуге, сөйлем құрауға баулуға болады.
Оқулықта ұсынылған жазылым тапсырмасы оқушылардың жазылым дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Оқушылар жазылым жұмыстарын аяқтағаннан кейін, бірін-бірі тексеріп, кейін өз жұмыстарын жетілдіріп, өңдеу шаралары жүргізіледі.