Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет339/363
Дата27.11.2022
өлшемі1,68 Mb.
#52964
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   363
Байланысты:
4 класс ҚМЖ (1) весь

Сабақтың тақырыбы

Сиқырлы доп. (4-тоқсан, 8-тарау). 125-сабақ

Дағды

Айтылым мен тыңдалым

Оқыту мақсаттары

4.2.4.1 Жоспар\жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау
4.2.5.1 *Шығарманың кейіпкері туралы пікірлерді (менің түсінігім
бойынша, ... оның пікірінше, ... оның айтуынша, ... кейбір адамдардың ойынша,...) салыстыра отырып бағалау
4.1.4.1 Тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық байланысын
(кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен анықтау

Лексикалық минимум

Сұйық, атқару жаңа сөздерін үйреніп,
«Не? Не үшін? Қандай?» сұрақтарына жауап бере білуге үйрету. Сын есім.

Алдыңғы білім

Заманауи көлік

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, өнер

Сабақтың барысы

С.кезеңі

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурс- тары

Кіріспе

  • Балалар, бүгінгі сабағымыз кәдімгі доп туралы болмақ. Ал доптың түрлері бола ма? Қандай доп түрлерін білесіңдер?

  • Иә, сол доптардың бірі – футбол добы туралы сөз қозғаймыз. Футбол добын білеміз бе? Ол қандай болады? Оны теуіп ойнап көрдіңдер ме? Оның басқа доптардан қандай ерекшеліктері бар?

  • Сонымен бүгінгі сабақ «Сиқырлы доп» деп аталады. Ал, балалар, сабақ не үшін сиқырлы доп деп аталып отыр, қалай ойлайсыңдар? Әңгіме доптың қандай сиқыры туралы болмақ деп ойлайсыңдар?

«Болжау» стратегиясы жүзеге асырылады.

2 мин

Мұғалім-сынып

Айтылым


Келесі «Көрсетейік және айтайық» тапсырмасында тақтада ұшқыш мәшине ішінде 5 адам отырғаны, олардың төртеуі төмен қарап тұрғаны сөз бұлттары арқылы беріліп, кейіпкерлер арқылы оқушыларды сөйлесім дағдысына алып келеді. Онда оқушылар көрген суреттері арқылы оқиғаны болжайды және «Балалар қайда бара жатыр? Олар не нәрсеге таңғалуы мүмкін?» деген сұрақтарға жауап беру арқылы өз


болжамдарын жасайды.

3 мин

Топтық жұмыс

Тақта

Негізгі бөлім

Келесі «Жаңа сөз үйренейік» тапсырмасында манағы оқушылар болжамдарында кездескен жаңа сөздер еске түсіріліп, Бұл не? сұрақтарына жауап алынып, мұғалім тарапынан сөз мағыналары түсіндіріледі. Оған ішінде су (сұйықтық) бар әртүрлі пішінді ыдыс,
сусын түрлері т.б. суреттерін көрсетуге болады. Бұлардың бәрі сұйықтық болып табылады деп анықтамасын қоса түсіндіреді. Өйткені сұйық нәрсе сұйықтық деп аталады.

5 мин

Жеке

Оқулық/ сөздер
жазылған жолақша- лар




Келесі «Жаттығайық» тапсырмасында сиқырлы доп оқушыларға жаңылтпаштар оқытып және өз беттерінше жаңылтпаш шығара


алуларына мүмкіндік туғызады. Оған кейіпкерлердің бірі Тілеуханның аузынан бұлт сөздерін көрсете отырып, жаңылтпаштарды мысалға келтіреді. Мысалы:
Мен суық су іштім. Сен сұйық су іштің. Екеуміз де су іштік.
Сұйық суды көп іштік.
Әрі қарай оқушы фантазиясына қарай жаңа жаңылтпаштар туындап, оқушы дүниетанымы, ой-өрісі кеңи түседі.

5 мин

Мұғалім-сынып

Айтылым Сиқырлы доп

Келесі сиқырлы доп тапсырмасы «Тыңдайық» деп аталады. Онда оқушылар Самғат атты кейіпкердің аузынан шыққан бұлт сөзінен футбол добы туралы және оның ішінде болатын сұйық зат туралы мәтінін оқып, бұл футбол добының ерекшеліктері мен құпия сырларына тоқталады. Оқушылар тыңдау және жүргізіп оқу арқылы бүгінгі тақырып не үшін сиқырлы доп деп аталғанын түсініп, өзге ғаламшардағы болашақ футбол добының сиқырына қанық болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет