Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет78/363
Дата27.11.2022
өлшемі1,68 Mb.
#52964
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   363
Байланысты:
4 класс ҚМЖ (1) весь

Сабақтың тақырыбы

Қамқор немере. (1-тоқсан, 2-тарау)
22-сабақ

Дағды

Тыңдалым және айтылым

Оқыту мақсаттары

4.1.2.1 Бейтаныс сөздер мен сөз тіркестері бар мәтіннің мағынасын мәнмәтінге қатысты анықтап түсіну
4.1.4.1 Тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық байланысын
(кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен анықтау

Лексикалық минимум

Борыш, тірек, мақсат, туысқан, пікір, сыйлы, қамқор болу, алғыс айту

Алдыңғы білім

Анамның тапсырмасы

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану

Сабақтың барысы

С.кезең

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

«Ойланайық» айдарында оқушылар сөйлемдерді оқиды. Мағынасына қарай сәйкестендіреді.
Мұғалім оқушыларға жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында интерактивті тақтадан әженің тоқыма тоқып отырған және немересінің әжесіне күлімсірей қарап отырған суреттерін көрсетеді. Оқушыларға сұрақ қояды: «Бұл кім? Әже не істеп отыр? Әженің қасындағы кім? Сендердің әжелерің бар ма? Немере деген кім?». Оқушылар өз білімдеріне сәйкес бұрынғы білімдерін пайдаланып, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Мұғалім оқушылардан: «Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?» – деп сұрайды. Мұғалім бүгінгі сабақтың тақырыбын және мақсаттарын айтады. Мұғалім оқушыларға «алғыс айту», «қамқор болу» сөздерінің мағынасын түсіндіру үшін сөздерді берілген сөйлеммен сәйкестендіру тапсырмасын орындатады. Оқушылар оқулықтағы тапсырмаға назар аударып, сөздерді мағынасына қарай сөйлемдермен сәйкестендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет