Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет116/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   171
Байланысты:
0 НОВЫЙ КТП

Негізгі кезең


Үнтаспадан жануарлардың дауыстары естіледі.

  • Балалар бұл ненің даусы?

Мәтін оқу. «Адам жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі, ит, мысықты күтіп-баптап өсіреді. Сол үшін үй жануарлары деп аталады. Үй жануарлары адамға көп пайда келтіреді. Жылқы
көлік, оны арба мен шанаға жегеді. Жылқының сүтін ашытып, қымыз жасайды. Қымыз – сусын. Сиыр, қой, түйе, ешкінің сүті мен еті – тамақ. Қой, түйе, ешкі жүнінен киім және тағы да басқа тұрмыстық заттар жасалады».

    • Мәтінде қандай таныс сөздер бар?

    • Қой, түйе, сиыр, ешкі, жылқы.

    • Үй жануарларының пайдасы қандай?

    • Үй жануарларының еті мен сүті бізге тамақ болады. Жүнінен киім т.б. заттар жасалады.

    • Адамдар үй жануарларын қалай күтеді?

    • Адамдар қойға, түйеге, сиырға, ешкіге, жылқыға шөп, су береді.

Жаңа сөздермен танысу.


    • Үй жануарларының төлдері бар.

Демонстрациялық материалдар және қима материалмен жұмыс.

    • Мынау – құлын. Мынау не?

    • Мынау – құлын.

    • Құлын кішкентай.

    • Құлын қандай?

    • Құлын кішкентай.

    • Мынау – бұзау. Мынау не?

    • Мынау – бұзау.

    • Бұзау кішкентай.

    • Бұзау қандай?

    • Бұзау кішкентай.

    • Мынау – қошақан. Мынау не?

    • Мынау – қошақан.

    • Қошақан кішкентай.

    • Қошақан қандай?

    • Қошақан кішкентай.

    • Мынау – бота. Мынау не?

    • Мынау – бота.

    • Мынау – лақ. Мынау не?

    • Мынау – лақ.

    • Лақ кішкентай.

    • Лақ қандай?

    • Лақ кішкентай.

Балалар жаңа сөздерді қайталайды.
Педагог сөздерде ұ дыбысының дұрыс айтылуына назар аударады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет