Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау


Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады)



бет117/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   171

Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады).


Ұ-ұ-ұ-ұ- құлын-құлын – құлын Ұ-ұ-ұ-ұ – бұзау – бұзау - бұзау Сергіту сәті
Қошақаны қойдың, Қайда қалып қойдың? Бұлтиып тұр бүйірің Қай өрістен тойдың?
Үй жануарларын қалай шақыратыны туралы айтылады, балалар айтып жаттығады. Қойды «пұшайт-пұшайт», – деп шақырады.
Жылқы – құрау-құрау Сиыр – аухау-аухау
Ешкі – шөре-шөре Түйе – көс-көс
Дидактикалық ойын: «Нені шақырдым?» педагог үй жануарларын шақырады, балалар оны атап, ойыншықтарды көрсетеді.

Жұмыс дәптермен жұмыс.


  1. Суретке қара. Аулада не бар? Енесі мен төлдерін жұптастыр.

  2. Суретке қара. Ата. Атауында «Ұ» дыбысы бар төлдердің суреттерін қызыл қарындашпен қорша.

Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Доппен ойын: «Мен 5 үй жануарын білемін». Ойынның мақсаты: сөздерді бекіту, ойлауға дағдыландыру. Шарты: допты жерге ұрған сайын бір сөз айтады.
  1. Рефлексия.


Педагог қорытындылайды. Балаларды мадақтайды. Сабақта не ұнады? Не қызықты
болды? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер. Қуыршақтар балалармен қоштасады.

№ 47


Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Қазақ тілі
Тақырыбы: «Екі лақ» ертегісі
Мақсаты: ертегі кейіпкерлерінің іс-қимылын салуға, олардың сөзін дауыс мәнерімен келтіріп, диалогке қатыса білуге үйрету.
Білімділік міндеті: қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Сөздерді байланыстырып сөйлемдер құрай білу дағдыларын
жетілдіру, әрбір сөзді анық айтып, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге үйрету.
Дамытушылық міндеті: сөздік қорларын дамыту. Сөздердегі қазақ тіліне тән «қ» дыбысын дұрыс айтуға дағдыландыру. Артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және таза дикцияны дамыту.
Тәрбиелік міндеті: балаларды татулыққа тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет