бет 113/171 Дата 21.04.2023 өлшемі 364,14 Kb. #85252 түрі Бағдарламасы
Байланысты:
0 НОВЫЙ КТП
Ұйымдастыру кезеңі
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
– Сәлеметсіздер ме?!
Өткен «Әжемнің базарлығы» тақырыпты қайталау.
Қима материалмен жұмыс. Ұлттық тағамдар атауларын қайталау. Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады , соңында фишкалар саналып , жеңімпаз анықталады.
Балалар, аналарың нанды қайдан алады? Дүкенге нан қайдан келеді білесіңдер ме? Педагог «Нан қайдан шығады?» (М. Етекбаев) ертегісін балаларға ұсынады.
Иллюстрациялар көрсетіле отырып , ертегі оқылады. Ертегі не туралы?
Жаңа сөздермен таныстыру.
Мынау – сатушы. Са-ту-шы.
Мынау кім?
Мынау – сатушы.
Сатушы нан сатады.
Сатушы не істейді?
Сатушы нан сатады.
Мынау наубайшы. Нау – бай - шы.
Мынау кім?
Мынау – наубайшы.
Наубайшы нан пісіреді.
Наубайшы не пісіреді?
Наубайшы нан пісіреді.
Мынау – бидай.
Мынау не?
Мынау – бидай.
Мынау – диірменші.
Мынау кім?
Мынау – диірменші.
Диірменші бидайдан ұн жасайды.
Диірменші бидайдан не жасайды?
Диірменші бидайдан ұн жасайды.
Мынау – ұн.
Мынау не?
Мынау – ұн.
Мынау – егінші.
Мынау кім?
Мынау – егінші.
Егінші егін егеді.
Егінші не істейді?
Егінші егін егеді.
Сөздерді балалар жеке , хормен дұрыс айтып жаттығады.
Педагог і дыбысының дұрыс айтылуына назар аударады: диірменші, егінші.
Достарыңызбен бөлісу: