Ғажайып сәт. Қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді. Сәлеметсіңдер ме, балалар! Балалар, бірге амандасайықшы.
Сәлеметсіз бе!
Қуыршақтар: Сендерге қазақ тілін үйренуге көмектесеміз, алдағы жұмыстарыңа табыс тілейміз.
Дидактикалық ойын: «Танысу». Балалар аттарын айтып, қуыршақпен танысады.
Сенің атың кім?
Менің атым – Рома.
Менің атым – Вика.
Менің атым – Арлан.
Негізгі кезең
Жаңа сөздермен таныстыру. Демонстрациялық материалдармен немесе слайдпен «Біздің балабақша» жұмыс.
Педагог дыбыстарды дұрыс дыбыстап айтуларын қадағалайды. Дидактикалық ойын: «Аудармашы».
Педагог сөздерді қазақ тілінде айтады, балалар аударады. біздің балабақша – наш детский сад
әдемі – красивый кең – просторный жарық – светлый таза – чистый
Сергіту сәті.
Бір-бірімен сыйласты, Тату жүрміз бәріміз. Бал достықтың ұясы – Біздің балабақшамыз.
Дидактикалық ойын: «Тыңда, көрсет, қайтала».
(Балалардың есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, тілдерін дамыту, қима суреттерменжұмыс).