Ғажайыпсәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
– Сәлеметсіздер ме?!
Бәрін ойын ойнауға шақырады.
Өткен «Менің сүйікті ойыншығым» тақырыпты қайталау. Ойын: «Кім тапқыр». Педагогтіңайтқансөздерінесәйкесқима суреттерді көрсету. Топтағы ойыншықтарды атап, сипаттау. Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
Негізгі кезең
Демонстрациялық материалдармен жұмыс.
Педагог шағын мәтін құрайды. Қазір жылдың күз мезгілі. Күзде жапырақтар сарғаяды,түседі. Сондықтан алтын күз деп айтады. Күзде салқын болады. Жаңбыр жауады. Күздекұстарұшып кетеді. Күзайлары:қыргүйек, қазан, қараша. Қима материалдармен жұмыс. Мынау – жапырақ.
Ү- ү-үз-үз – келді күз.
Ү-ү-ү-үй - қыр-гү -йек – қыргүйек Қ-қ-қ-қа- қа-зан – қазан
Қ-қ-қ-қа- қа-ра-ша – қараша
Жаңылтпашпен танысу.
Күз, кез, күз, Күш, кеш, көш, Күл, кел, көл,
Кілең қысқа сөз, Кім оқиды тез?
Балалар жанылтпашты қайталайды: жай, жылдам.
Сергітусәті. Массаж: Балалар бір-бірінің артына сөздерді қайталап, сурет салады.
Күн шықты, Сәулесін шашты, Бұлт жапты, Жаңбыр жауды,
Кемпірқосақ шықты.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
Суретке қарап, сөйлем құра. Күзде қандай өзгерістер болады? Ата.
Балалар сөйлем құрайды. Суретте күз бейнеленген. Күзде жаңбыр жауады. Жапырақтарсарғаяды.Құстар ұшып кетеді. Жаттап ал. Педагогтақпақтыбіргежаттаудыұсынады.
Алтын, сары, қызыл көк – Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап.
Қ.Шаңғытбаев
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Ойын: «Қолшатыр».
«Жаңбыр» деген сөзден кейін, балалар алақанын төмен қаратып ұстап тұрады. Балалар сұқ саусақтарын алақанның ішіне тигізіп тұрады. Педагог үшке дейін санап, алақанын жұмады, осы кезде балалар жылдам қолдарын алуға тырысады. Қай баланың қолын ұстап қалса, сол бала ойыннан шығады.