|
|
бет | 44/171 | Дата | 21.04.2023 | өлшемі | 364,14 Kb. | | #85252 | түрі | Бағдарламасы |
| Байланысты: 0 НОВЫЙ КТП Негізгі кезең
Педагог балалардың назарларын табаққа аударады. Міне, күз сыйлығы (табақта көгөніс- муляждар).
Мынау нелер?
Мынау – көгөністер.
Өткен жылдан таныс көгөніс атауларын естеріне түсіруге көмектесіп, жаңа сөздермен таныстырады.
Мынау – қияр. Мынау – қызанақ. Мынау – пияз. Мынау – сәбіз.
Мынау – қызылша, қы-зыл-ша.
Мынау не?
Мынау – қызылша.
Қызылша күзде піседі.
Қызылша қай жыл мезгілінде піседі?
Қызылша күзде піседі.
Қызылша қызыл.
Қызылшаның түсі қандай?
Қызылша қызыл.
Қызылша дәмді, өте пайдалы.
Қызылша қандай?
Қызылша дәмді, өте пайдалы.
Мынау – орамжапырақ.
Мынау не?
Мынау – орамжапырақ.
Орамжапырақ күзде піседі.
Қызылша қай жыл мезгілінде піседі?
Орамжапырақ күзде піседі.
Орамжапырақ жасыл. Өте пайдалы.
Орамжапырақ қандай?
Орамжапырақ жасыл. Өте пайдалы.
Көгөністер бақшада өседі.
Көгөністер қайда өседі?
Көгөністер бақшада өседі.
Балалар жаңа сөздерді және сөйлемдерді қайталайды.
Орамжапырақ, қияр, қызылша, қызанақ сөздеріндегі «қ» дыбысына көңіл бөлу. Балалар осы дыбысты дұрыс дыбыстап үйренеді, жаттығады.
Тақпақ жаттау.
Көгөністі көп ектік,
«Өссін, піссін», – деп ектік. Көктемде еккен көгөніс, Күзде берді көп өнім.
Педагог тақпақты оқиды, мазмұнын түсіндіреді, балалармен жаттайды.
Сергіту сәті. Ойын: «Кім жылдам?» себетке көгөністерді жинайды, атайды, сипаттайды.
«Жеміс-көгөніс дүкені» демонстрациялық материалдармен жұмыс. Балалар суретке қарап, дүкенде қандай көгөніс сатылатынын атайды. Педагог алдымен өзі айтады: Дүкенде қияр бар. Дүкенде қызанақ бар.
«Дүкен» ойыны. Қима материалдармен жұмыс. Көгөністердің қазақша атауын қайталау, есте сақтау.
Санамақпен сатушыны таңдайды. Балалар дүкенге келеді. Диалог:
Сәлеметсіз бе!
Сәлеметсіз бе!
Маған қияр беріңізші.
Алыңыз.
Рақмет. Сау болыңыз.
Ойынды күрделендіруге болады. Балалар көгөністі сипаттайды. Сатушы оның қандай көгөніс екенін табады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|