Дөңгелене тұрайық, Керегені құрайық. Уық болып иіліп, Шаңыраққа киіліп, Киіз үйді құрайық.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
Суретте қандай бөлме бейнеленген? Бөлмеде нелер бар?
Өзіңнің бөлмеңде бар заттардың суретін сал. Ата. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтау.
– Қандай тапсырма ұнады? Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.
№22
Білімберусалалары: Қатынас, әлеумет
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Менің Отаным.
Мақсаты: Отан туралы түсініктерін кеңейту.
Білімділік міндеті: педагогтің үлгісі бойынша шағын мәтін құрастыруды дағдыландыру. Отан туралы тақпақ үйрету. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық міндеті: Сөздерді бір-бірімен байланыстырып, сөйлем құрай білу дағдыларын жетілдіру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелікміндеті: Отанға деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: жаңа сөздерді, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтып, тақпақ, мәтін қайталайды.
Түсінеді:жаңасөздер және қарапайым сұрақтарды түсінеді.
Қолданады: сөйлем құрайды, сұрақтарға жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, постер, слайд: «Менің Отаным», суретті сөздіктер, қима материалдар, жұмыс дәптері, фишкалар.
Билингвалды компонент: менің Отаным – моя Родина, тәуелсіз – независимый, мемлекет – государство.
ҰОҚ барысы
Ұйымдастыру кезеңіШаттықшеңбер
Жоғары қараймыз, Шаңырақты көреміз. Төмен қараймыз, Жерді көреміз.
Оңға бұрылып, солға бұрылып, Егеменді елді көреміз.